1. Главная
  2. News
  3. О возобновлении научного сотрудничества с Германским археологическим институтом

О возобновлении научного сотрудничества с Германским археологическим институтом
21 Apr 2023

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтынның бас директоры Ақан Оңғарұлының арнайы шақыруымен Герман археологиялық институтының Еуразия департаментінің директоры Свенд Хансен және осы департаменттің Орталық Азия бойынша кеңесшісі Николай Бороффко жұмыс сапарымен Қазақстанға келді.

Жұмыс сапары барысында қонақтар Археология институтының ғылыми зерттеу жұмыстарымен танысып, зертханаларды аралады. Германиялық ғалымдар Институтта орын алып отырған өзгерістерге оң бағаларын берді. Қонақтар Алматы облысы территориясындағы Боралдай және Есік сияқты ерте темір дәуірінің элиталы қорымдарына, Таңбалы петроглифтер кешеніне және Рахат қалажұрты сияқты археологиялық ескерткіштерге барды.

Сапардың екінші бөлімінде Неміс археология институтының өкілдерімен Институт қызметкерлері «Еуразияның археологиялық мұрасын зерттеудің, сақтаудың мәселелері мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Институт директоры А. Оңғарұлы Қазақстандағы археология ғылымы туралы, Институттың алдында тұрған перспективалар мен басымдықтар туралы айтып берді. Сондай-ақ, Отандық археология ғылымын дамыту мақсатында әлемдік археология ғылымында жетекші орын алатын Неміс археология институты сияқты ғылыми-зерттеу орталығымен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары орнатылып, кейін белгілі себептермен үзіліп қалған ғылыми әріптестік байланысты қайтадан жандандыруға мүдделі екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Еуразия департаментінің директоры Свенд Хансен Институт қызметкерлеріне өзі басқаратын департаменттің қызметімен таныстырды. Еуразия департаменті Қазақстанның Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік шығыс және Батыс өңірлерде бірнеше ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырғандығын жеткізді. Германиялық археологтар институттың ғылыми-зерттеушілік бағыттарымен танысып, болашақта бірлескен ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
Дөңгелек үстелдің қортынды бөлімінде тараптар қос мекеме арасында ғылыми байланысты орнатуға мүмкін болатын жобаларды талқылады.