Қазақстан Республикасының журналы – Азиядағы үздіктердің бірі
12 Jun 2025
«Қазақстан археологиясы» журналы Азия өңірінің 13 археологиялық басылымы арасында беделді SCImago Journal Rank халықаралық рейтингінде бірінші орын еншіледі.
Дәйексөз алу, сілтеме беру көрсеткіштері жоғары болғандықтан, басылым Q1 квартиліне енді. Бұл SJR-ге берілген ең жоғары санат болып саналады. Жүйе журналдарды төрт деңгейге бөліп, олардың ғылыми әсерін пән саласына қарамастан объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.
SCImago Journal Rank Scopus дерекқорына сүйенеді және дәйексөздердің санын ғана емес, сонымен қатар ол журналдың әлемдік ғылымға қосқан үлесін жан-жақты көрсете отырып, сол дәйексөздер қолданылатын басылымдардың да ықпалын ескереді.
Scopus – CiteScore негізгі көрсеткіші бойынша «Қазақстан археологиясы» журналы Q3 квартилінен Q2-ге көтеріліп, едәуір жақсара түсті, бұл оның ғылыми маңыздылығының тұрақты өсуі мен халықаралық деңгейде танылуын растайды.