В Алмате проидет традиционная международная научная конференция студентов и молодых ученых «Ахинжановские чтения – 2024»
22 Apr 2024
2024 жылдың 24-26 сәуірі аралығында ҚР Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің «Ақынжанов оқулары – 2024» халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырады. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR20280993 «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан: археологиялық дереккөздерді жүйелеу және талдау» атты іргелі ғылыми зерттеулер жобасы аясында өткізіледі.
Конференцияда жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және докторанттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен музейлердің жас ғалымдары далалық археологиялық қазба және зертханалық зерттеу жұмыстарының қортындыларымен бөліседі.
Конференция жұмысында Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Есік, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл және Өскемен қалаларынан келген 62 жас ғалым қатысады.
1994 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Ақынжанов оқулары» конференциясы елімізде археология бағытында халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын ірі және дәстүрлі ғылыми іс-шара.
Конференция жас ғалымдардың ғылыми коммуникация, тәжірибе алмасу және мүдделес жандарды табу алаңына айналды.
.
Онлайн қатысушылар үшін
https://us02web.zoom.us/j/86085269709?pwd=c0RkOHdiSUhPYmhOc2Y2eGx0c2p4Zz09
Идентификатор конференции: 860 8526 9709
Код доступа: 149310
Байланыс үшін:
Шагирбаев Мамбет +7 702 650 6113
Мусаева Райхан + 7 777 284 0002
Мақала жинағымен берілген сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.
https://archeo.kz/ru/library/aynzhanov-oulary/ahinzhanovskie-chteniya-2024/
«АҚЫНЖАНОВ ОҚУЛАРЫ – 2024» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫ
ПРОГРАММА международной научной конференции студентов и молодых учёных «АХИНЖАНОВСКИЕ ЧТЕНИЯ – 2024»
Ахинжановские чтения – 2024: материалы международной научной конференции студентов и молодых ученых