1. Главная
  2. News
  3. Workshop: "Food and Fodder in the Past: methodological approach in archaeobotany"

Workshop: "Food and Fodder in the Past: methodological approach in archaeobotany"
02 May 2023

Құрметті әріптестер!
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты сіздерді Вильнюс университетінің (Литва) Археология кафедрасының профессоры Гедре Мотузайте Матузявичюте мен Макс Планк институтының (Германия) докторанты Басира Мир-Махматтың «Көне замандардағы тамақтану: археоботаниканың негіздері мен методологиялық әдістері» тақырыбында 2023 жылдың мамыр айының 5 күні сағат 14.00 онлайн форматта өтетін семинар жұмысына қатысуға шақырады. 
Zoom конференцияның сілтемесі:
https://us02web.zoom.us/j/82846668141?pwd=K1dQQWNVQzRMbHNUbklaWWtHSUJiZz09 
Конференция идентификаторы: 828 4666 8141
Кілт сөз: 362038 

Абстракт
Адамзаттың дамуына түрткі болған ауыл шаруашылығы адамзат тарихының барлық кезеңдерінде жетекші экономикалық рөл атқарды. Сондықтан да ауыл шаруашылығымен байланысты деректерді зерттеу өткен замандардың анық және нақты бейнесін жаңғыртуға септігін тигізеді. Археоботаника – бізге қызықты уақыт аралығындағы адамдардың өсірген және пайдаланған өсімдіктерін дәл және анық зерттейтін негізгі әдістердің бірі. Дәріс аясында біз археоботаниканың негіздері мен далалық жағдайда флотацияға үлгілерді алудың әдіснамасын айтып, көрсетеміз.