1. Главная
  2. News
  3. Workshop "Methods of archaeozoological research: opportunities and results"

Workshop "Methods of archaeozoological research: opportunities and results"
03 Dec 2022

Құрметті әріптестер 6 желтоқсан күні сағат 11.00 Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының фойесінде «АРХЕОЗООЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ: МҮМКІНШІЛІКТЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР» тақырыбында М.С. Шағырбаев семинар өткізеді.


Семинарда келесіздей мәселер қарастырылады:
1.    Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағлымдама нәтижелері;
2.    Зертханадағы остеологиялық коллекция;
3.    Түрлерін анықтау: салыстырмалы-морфологиялық әдіс;
4.    Жануарлардың жасын анықтау әдісі;
5.    Жануарлардың жыныстық диморфизмін анықтау;
6.    Жануарлардың экстерьерлік ерекшеліктерін анықтау;
7.    Жануарлардың сойылу мерзімін анықтау.


Ғылыми семинар 2022 жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында археозоолог, Археология институтының ғылыми қызметкері Шағырбаев Мәмбет Сапарбекұлының Ресей ғылым академиясының Екатеринбург қаласында орналасқан Орал бөліміне қарасты Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы Институтының зертханасында өткен ғылыми тағлымдама нәтижелеріне негізделген. 


Семинардың құрылымы:
-    Зерттеу жұмысы бойынша презентация;
-    Слайдта көрсетілген зерттеу әдістері практикалық тұрғыдан семинарда көрсетіледі;
-    Остеологиялық материалдар көрмесі.

Конференцияға Zoom арқылы қосылу 
https://us02web.zoom.us/j/82189248106?pwd=cmZEY0dRL3VDbTVvdzUySXc0dzNzUT09
Конференции идентификаторы: 821 8924 8106
Кілт: 308913