1. Главная
  2. News
  3. «Ақынжанов оқулары – 2023» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы

«Ақынжанов оқулары – 2023» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
11 Jan 2023

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2023 жылдың 27–28 сәуірінде «Ақынжанов оқулары – 2023» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясын өткізеді.

Конференцияның жұмысы келесідей бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Археологиядағы тұлғаның рөлі. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы;
2. Тас және палеометалл дәуірі археологиясы: жаңа далалық зерттеулер;
3. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан: мәдениеттер тоғысы;
4. Орта ғасыр археологиясы: өркениеттер диалогы;
5. Археологиялық зерттеулердегі жаратылыстану әдістері;
6. Этноархеология мен этнография мәселелері;
7. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Баяндама уақыты: баяндама – 10 минутқа дейін, сұрақ-жауап – 5 минутқа дейін.

Конференцияны күндізгі форматта өткізу мен қашықтағы әріптестерді Zoom платформасы арқылы онлайн түрде қосу жоспарланған. 
Конференцияға қатысушылардың шығындары жөнелтуші тараптан өтеледі.

Конференцияға қатысу өтінімі мен жарияланым үшін баяндамалар тезисі 2023 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады.
Тезистер жинағын конференция басталғанға дейін басып шығару жоспарлануда.

Өтінімдер мына электронды адрес бойынша қабылданады: akhinzhanov_conf@archeo.kz
Өтінім пен мақала файлдарын бірінші автордың аты-жөнімен атау қажет (Мусаева РС_өтінім.doc; Мусаева РС _мақала).

Ұйымдастыру комитеті:
Мусаева Райхан – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, тел.: +7 777 284 0002;
Ахияров Ислам – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері, тел.;
Калдыбаева Гаухар – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері;
Шаяхметов Анатолий – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның ғылыми қызметкері;
Куандык Самрат – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері;
Шагирбаев Мамбет – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның ғылыми қызметкері;
Суюндикова Макпал – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері;
Төлегенов Абылай – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері;
Жанұзақ Рамазан – Ә.Х. Марғұлан ат. АИ-ның кіші ғылыми қызметкері.

Өтінім формасы:
1. Аты-жөні (толық);
2. Баяндама тақырыбы;
3. ЖОО немесе ғылыми мекеме (толық), факультеті, курсы;
4. Ғылыми жетекшінің аты-жөні, ғылыми атағы мен қызметі;
5. Баяндаманың бағыты, атауы;
6. Баяндау формасы және оған қажетті техникалық жабдықтар;
7. Байланыс мекен-жайы, факс, телефоны, e-mail.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар:
1. Мәтіннің көлемі 5 бетке дейін (әдебиет тізімі мәтін көлемі ретінде саналмайды), WinWord (расширение .doc) бағдарламасында;
2. Иллюстрациялар А4 форматында 1 беттен көп емес, JPG немесе TIFF форматында бөлек файлмен жіберіледі, сапасы – 300 dpi. Сурет асты жазбалары мәтін ішінде авторға қажетті жерге қойылады (1 сур. – сурет сипаттамасы). Сурет асты жазбалары қызыл түспен беріледі.
3. Автордың немесе авторлардың аты-жөні бірінші бетте, мақала атауынан кейін жазылады. Кейін мекеменің, қала мен мемлекеттің атауы көрсетіледі.
4. Аннотация 100 сөзге дейін болуы және онда қарастырылып отырған өңір, хронология, кәсіптік терминология көрсетілуі қажет;
5. Түйін сөз 5 сөзге дейін болуы және мақаланың негізгі мазмұнын айқындап, жұмыстың келесідей аспектілерін көрсетуі қажет: өңір, хронология, тақырып, кәсіптік терминология;
6. Мақала атауын, аннотация мен түйін сөзді қазақ және орыс тілінде жіберу қажет;
7. Жоғарыда көрсетілген пункттарден соң алғыс білдіру мәтінін орналастыруға болады.
8. Ұйымдастыру комитеті конференция бағытына және рәсімдеу талаптарына сай келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

Мусаева Райхан Сериковна
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы қ., Қазақстан; argin_rr@mail.ru

Батыс Қазақстанның қима мәдениеті ескерткіштерінің зерттеу тарихы
Аннотация. 
Түйін сөздер: 

Изучение погребальных памятников срубной культуры Западного Казахстана
Аннотация. 
Ключевые слова: 

Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін Мәтін

Зерттеу жұмысын ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландырды (БНҚ № OR11465466)
Ғылыми жетекші: т.ғ.к. И.В. Мерц

Әдебиет тізімін рәсімдеу үлгісі

1 Арсланова Ф. Жоғарғы Ертіс өңірінің ортағысырлық археологиясының очерктері. Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер. ІІІ-т. / Жалпы ред. басқарушы З. Самашев; құраст. Б. Хасенова. Астана: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалы, 2013. 405 б. (қазақша, орысша, ағылшынша).
2 Байтанаев Б.Ә. Бас редактордан // Қазақстан археологиясы. 2018. № 1–2. 11-15 бб.
3 Калиева С.С., Логвин В.Н. Могильник у поселения Бестамак // Вестник археологии, антропологии и этнографии. 2008. № 9. С. 32-58.
4 Толеубаев А.Т., Жуматаев Р.С., Омаров Г.К., Шакенов С.Т., Бесетаев Б.Б., Ергабылов А.Е. Результаты археологических исследований 2019 г. на могильнике Елеке сазы 2 // Марғұлан оқулары – 2020: «Ұлы Дала археологиялық және пәнаралық зерттеулер аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2 том. (Алматы қ., 17–18 қыркүйек 2020 ж.) / Жауапты ред. Б.А. Байтанаев. Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, 2020. 172–197 бб.
5 Маңғыстаудан табылған «Алтынқазған» кешені мен Қарақабақ қалашығы өңірге турист тарта алады // «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі – URL: https://lenta.inform.kz/kz/mangystaudan-tabylgan-altynkazgan-kesheni-men-karakabak-kalashygy-onirge-turist-tarta-alady-a3774120  (өтініш берілгін күн 14.03.2022) 
6 Мусаева Р.С. Поселения срубной культуры Западного Казахстана: история изучения и краткие выводы // Маргулановские чтения–2021: материалы международной научно-практической конференции «Великая степь в контексте этнокультурных исследований», посвященной 30-летию Независимости Республики Казахстан и 30-летию Института археологии им. А.Х. Маргулана (г. Алматы, 26–27 октября 2021 г.). В 3-х томах. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2021. Т. 1. С.145-153.
7 Мошкова М.Г., Железчиков Б.Ф., Кригер В.А. Отчет. Археологические работы на территории Уральской области в 1980 г. // Архив Института археологии им. А.Х. Маргулана. Ф. 2, оп. 22, д. 1838, 155 л.
 


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО