1. Главная
  2. News
  3. "Margulan Readings-2023"

"Margulan Readings-2023"
29 Jan 2023

Құрметті әріптестер!

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2023 жылдың 30-31 наурызында дәстүрлі «Марғұлан оқулары–2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. 
Конференцияның форматы 2022 жылы және оның алдыңғы жылдары жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің қорытындыларымен ғылыми ортаны таныстыруға, хабарламаларды тыңдауға және алынған материалдарды талқыға салуға бағытталған. Сонымен қатар жаңа зерттеу әдістерін қолдану, археологиялық ескерткіштерді пәнаралық тұрғыдан зерттеу, оларды қорғау және ғылым мен мәдени өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелеріне арналған баяндамалар қызығушылық тудырады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• Қазақстан археологиясы: идеялар мен зерттеулер тарихы;
• Тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу: жаңа материалдар және оларды 2022 жылғы далалық ізденістер нәтижелері бойынша апробациялау;
• Ежелгі металл дәуірі: кешендерді мәдени сәйкестендіру және кезеңдеу мәселелері; 
• Еуразия мәдени кеңістігіндегі ерте көшпелілер;
• Ортағасырлық археология: қала және дала өркениеті;
• Археологиялық зерттеулердегі мультидисциплинарлық тәсілдер: дәстүрлі әдістеме мен заманауи технология;
• Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелері.

Конференцияға өтініш 2023 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады. 

Редакциялық алқа материалдарды жариялауда іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

Ақпараттық хат