1. Главная
  2. News
  3. "Institute of Archaeology and 'QazaqGeography' signed a memorandum of cooperation

"Institute of Archaeology and 'QazaqGeography' signed a memorandum of cooperation
06 Mar 2024

2024 жылдың 6 наурыз күні Астана қаласында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының ғылыми қызметкерлері Институттың бас директоры Ақан Оңғарұлының басшылығымен «Qazaqgeography» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мусагажинова Айгерим Александровна жетекшілік ететін ұжымымен кездесті. 
Кездесу барысында тараптар екі ұйым арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың, сондай-ақ еліміздегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, қорғау және насихаттау бағытында бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу аясында екі ұйым басшылары өзара ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласып, әріптестік туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум екі тарапқа бірлескен жобалар, ғылыми іс-шаралар ұйымдастыруға, тәжірибе алмасуға, семинарлар мен тренингтер өткізуге, сонымен қатар маңызды ақпараттар және кітаптар алмасуға мүмкіндік береді. 
Биылғы жылдың наурыз айынан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының офисі Абай көшесі 22 адресі бойынша орналасқан «QazaqGeography» РҚБ ғимаратында.