1. Главная
  2. News
  3. A monograph on the medieval settlement of Zhankent will be published

A monograph on the medieval settlement of Zhankent will be published
03 May 2023

Тюбинген университетінің құрметті профессоры, тарих ғылымдарының докторы Генрих Харке, РҒА Этнология және антропология институтының Классикалық және шығыс археологиясы орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ирина Аркадьевна Аржанцева және  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Археология және этнография ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директорымен арнайы кездесу үшін 29 сәуірде іс-сапармен Алматы қаласына келді. 


Кездесу нәтижесінде тараптар 2015 жылдан бері ортағасырлық Жанкент қаласында жүргізіліп келе жатқан пәнаралық зерттеулердің нәтижелерін «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» (ҚАДЗ) сериялық басылым аясында жариялауға уағдаласты. Сондай-ақ, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштерінде ұзақ мерзімді бірлескен археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.