1. Главная
  2. Video
  3. "Қазақстанның тартылыс күші" деректі фильм

"Қазақстанның тартылыс күші" деректі фильм
24 Oct 2023

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің тарихына орайластырылған «Қазақстанның тартылыс күші» атты Хабар агенттігінің деректі фильміне Институтымыздың аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Дөкей Талеев қатысты. 
Дөкей Талеев Қаялық қаласында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарына нәтижесінде Алтын Орда дәуірімен мерзімделетін әлемдік діндерге тиесілі құлшылық үйлерінің табылуы туралы айтты. Қаялық қаласында түрлі дін өкілдері емін-еркін өмір сүрген. Бұны тарихи жазба деректер, археологиялық материалдар дәлелдеп отыр. Бұны Алтын Орда дәуіріндегі «Рухани демократия» десекте болады дейді Дөкей Талеев.