Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында ұйымдастырылған тақырыптық көрмені аралап көрді. Мемлекет басшысы Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозициямен танысты. XIII–XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан ұлы мемлекеттің тарихи-мәдени болмысы Қазақстан аумағынан табылған жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде ұсынылды.
- Президентке Қазақстан аумағындағы 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта таныстырылды. Соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген ғылыми сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализациялар берілген.
- Көрменің басты жәдігерлерінің бірі – «Хандар шежіресі» атты қолжазба. Бұл бірегей ескерткіште Жошы әулетінен шыққан хандар мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтер қамтылған.
- Экспозицияда Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар ұсынылды. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат және 21 қолжазба – түпнұсқа және электрондық форматта – келушілердің назарына қойылды.
- Көрменің басты мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты осы іс-шараның белсенді қатысушысы ретінде Алтын Орда дәуіріне арналған ғылыми зерттеулер мен бірегей жәдігерлерді таныстыруға өз үлесін қосты.
Алғыс сөздер
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты көрме экспозициясын байытқан барлық ұйымдар мен ғалымдарға шын жүректен алғысын білдіреді! Бірегей жәдігерлерін, ғылыми материалдарын және архив деректерін ұсынған төмендегі мекемелердің қолдауынсыз бұл іс-шараның жүзеге асуы мүмкін болмас еді:
- ҚР Ұлттық музейі
- ҚР Ұлттық орталық музейі
- «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы
- «Бозок» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
- «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы
- Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі
- Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
- Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
- Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
- Ислам ғылыми-зерттеу институты
- «Ғылым ордасы» ОҒК
Бірлескен еңбек арқасында Алтын Орданың ұлы тарихы кең қауымдастыққа өз толықтығымен таныстырылды. Осындай маңызды жобаларда одан әрі ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеміз!














