1. Main
  2. Expeditions
  3. Excavations of the Caspian Archaeological detachment in Atyrau region

Excavations of the Caspian Archaeological detachment in Atyrau region
24 Dec 2022

2022 жылдың маусым айында AP08052885 «Батыс Қазақстандағы Рын-құмдары тас дәуірінің құмшағылды қоныстары» гранттық жобасы аясында Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандарында Нарын құмдары аумағында барлау жұмыстары жүргізілді.

Далалық зерттеулердің мақсаты Нарынқұмының құмды массивтерінде тас дәуірінің ескерткіштерін іздеу, анықтау және локализациялау болды.

Нарынқұмының орталық бөліктері, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандары зерттелді, Құрманғазы ауданында – 19, Исатай ауданында – 8 тас дәуірінің ескерткіштері анықталды.

Қызықты ескерткіштердің бірі – Қанбақты учаскесіндегі үлкен үрлеу алаңында орналасқан Балқұдық қонысы. Үрлеу алаңында күндізгі жер қабатынан 287 тас артефакті, қара-сұр және бежевый реңктердегі кремний тастар мен керамика фрагменттері жиналды.