1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар
06 Нау 2023

Сізді 2023 жылдың 23–24 қараша аралығында Ақтөбе қаласында өтетін «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының бағыттары:
1. «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы» кезеңіндегі Еуразия даласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеудің өзекті мәселелері;
2. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Орал және Еділ бойындағы кейінгі сармат кезеңінің ескерткіштерін археологиялық тұрғыда зерттеу;
3. Еуразия даласындағы б.д.д. I мыңжылдықтың аяғы – б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысындағы этникалық және әлеуметтік-мәдени үрдістер;
4. Б.д.д. I мыңжылдықтың аяғы – б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысына тән мұраларды этномәдени сәйкестендіретін әдістемелік тәсілдер;
5. Археология мен жазба деректер бойынша дала тайпаларының бейнелеу өнері, сенім-нанымдары мен дүниетанымы; 
6. Б.д.д. I мыңжылдықтың аяғы – б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысындағы Еуразиялық даланың экономикалық және әлеуметтік жүйелерді талдаудағы пәнаралық зерттеулер; 
7. Б.д.д. I мыңжылдықтың аяғы – б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысындағы көшпенділерінің экологиялық бейімделуі мен шаруашылық моделдері.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны күндізгі форматта өткізу жоспарлануда. Конференцияға қатысушылардың шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Қатысуға өтінім мен жарияланатын мақалалар 2023 жылдың 15-қарашасына дейін мына электрондық пошта бойынша қабылданады: hunnu_conference@archeo.kz 

Мақалалар жинағын конференция басталғанға дейін шығару жоспарлануда.
Өтінім-сауалнамасы мен мақаланың файлы бірінші автордың тегі мен аты-жөнімен аталуы керек (Мұсаева Р.С._ өтінім-сауалнамасы.doc; Мұсаева Р.С. _мақала).

«Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының

ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ

1. Автордың тегі, аты, әкесінің аты;
2. Мемлекет, қала;
3. Жұмыс орны;
4. Қызметі;
5. Ғылыми дәрежесі, атағы;
6. Баяндаманың атауы;
7. Пошталық мекенжайы (индексімен), е-mail, байланыс телефоны;
8. Баяндама формасы (ауызша немесе көрсетілімді);
9. Баяндаманы көрсету формасы және қажетті техникалық құрылғы.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің байланыс мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Ораз Татеұлы көшесі, 3, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыздар:  

Каражигитова Асия, +7 777 975 35 06
Уразова Асель, +7 701 334 97 67;
Айткали Азат Калыулы, +7 771 165 66 50;
Мамедов Аслан Маликулы, +7 705 381 11 13.

 


Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар: 

1. Автордың(-лар) тегі мен аты мақала атауынан кейін бірінші бетте  көрсетіледі.  Рәсімдеу үлгісін қараңыз: 

А. Е. Айтбаева,
Ә. М. Манапова

Айгерім Есімқанқызы Айтбаева1, aaitbaeva84@mail.ru
Әлия Мерекеқызы Манапова1, merekeevna@mail.ru
1Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, Алматы, Қазақстан

А.Н. Бернштамның өмір жолы мен ғылыми қызметі*

Аннотация. Мақала Қазақстан археология ғылымын ұйымдастырушылардың бірі, еліміздің көптеген ескерткіштерін ашқан, есепке алған әрі алғашқы қазба жүргізген, әртүрлі күрделі тарихи-археологиялық мәселелер бойынша ой-тұжырымдар жасаған А.Н. Бернштамның Қазақстан археология ғылымына қосқан үлесіне арналады. Мақаланы жазу барысында ғалымның өмірі мен шығармашылығын ғана қарастырып қоймай, оның тұлғасының қалыптасуын көрсетуге мүмкіндік беретін библиографиялық (өмірбаяндық) әдіс қолданылды. Мақалада алғаш рет А.Н. Бернштамның өмірбаяны, ғылыми қызметі мен ғылыми мұрасы мұрағат материалдары мен ғалым зерттеулері негізінде толықтай сипатталды. Ғалымның ғылыми қызметі сол кезеңдегі орын алған саяси жағдайлар мен ғылымның дамуымен бірге байланыста қарастырылып, Қазақстан археологиясының қалыптасуында алатын орны бағамдалды.
Түйін сөздер: археология, қазба, ортағасыр, ғылым, экспедиция

Aigerim Aitbayeva1 and Aliya Manapova1
1Margulan Institute of Archaeology, Almaty, Kazakhstan

The life path and scientific work of A. N. Bernshtam

Abstract. The article is devoted to the contribution of A.N. Bernshtam, one of the organizers of the Kazakh archaeological science. The article provides data on childhood, student life, the first scientific search for a scientist, his formation as a teacher and his achievements in the study of archaeological monuments of the Bronze Age, the Early Iron Age and the medieval period of the history of Kazakhstan. The scientific activity of the scientist was also considered in connection with the political conditions and the development of science of that period, his role in the formation of Kazakh archaeology was evaluated.
Keywords: archaeology, excavations, Middle Ages, science, expedition

Айгерим Есимкановна Айтбаева1,
Алия Мерекеевна Манапова1
1Институт археологии им. А.Х. Маргулана, Алматы, Казахстан

Жизненный путь и научное творчество А. Н. Бернштама

Аннотация. В статье дана краткая характеристика деятельности выдающегося ученого А.Н. Бернштама, одного из организаторов Казахстанской археологии. В статье приводятся данные о детстве, студенчестве, первых научных поисках ученого, становлении его в качестве учителя и его достижениях в изучении археологических памятников эпохи бронзы, раннего железного века и средневекового периода истории Казахстана. При написании статьи использовался библиографический (биографический) метод, позволяющий рассмотреть историю жизни и творчества ученого. Научная деятельность ученого была рассмотрена также в связи с политическими условиями и развитием науки того периода, оценивалась его роль в становлении казахстанской археологии. Были затронуты публикации, в которых подвергаются критике идеи А.Н. Бернштама о прогрессивной роли вторжения гуннов.
Ключевые слова: археология, раскопки, средневековье, наука, экспедиция
2. Ары қарай аннотация (100 сөзден немесе 800 белгіден көп емес) беру қажет.  Тұйіндеме жұмыс мазмұнының келесі аспектілерінен тұруы қажет: тақырып, мақсаты және күтілетін нәтижелері. Мақаланың атауы мен мәтіннің мазмұны аннотацияда қайталанбауы керек.  
3. Түйін сөздер. Іздеу жүйелерінде мақаланы индекстеуге ықпал ететін (5-7) түйін сөздерді көрсету қажет.  Түйінді сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетіп, жұмыстың келесі аспектілерін ашуы керек: аймақ, хронология, тақырып, арнайы терминдер. Түйін сөздер алфавиттік ретпен емес, маңыздылық дәрежесі бойынша "үтір" тыныс белгісімен бөлінуі керек, соңында "нүкте" тыныс белгісі қойылмайды. 
4. Бөлімге арналған толық қолжазба мәтінінің көлемі:
• «Зерттеулер мен жарияланымдар» бөлімі үшін 15-40 мың белгі (ашық орындармен), онда таблицалар, әдебиеттер тізімімен, сурет асты жазуларымен және түйінді қоса есептегенде. Мақалада 8-10-нан аспайтын иллюстрациялар болуы қажет.
• «Пікірталас» бөлімі үшін – 5–15 мың белгі. Мақалаға 5–8-ден аспайтын иллюстрациялар беріледі.
5. Мәтіндегі әдебиеттер мен дереккөздерге библиографиялық сілтемелер квадрат жақшада беріледі: автордың тегі аты-жөні көрсетілмей беріледі (біртектілердің жұмысынан басқасы) немесе қысқартылған атауы (егер басылымның авторы болмаса), шыққан жылы үтір арқылы беріліп, бетке, суретке және т.б. сілтеме жасалынады [Марғұлан 1948: 3; Ақышев К.А. 1978; Ақышев К.А., Ақышев А.К. 1997: 35].
6. Суреттерге сілтеме дөңгелек жақшамен, заттың орналасуы көлбеумен беріледі: (сур. 1, 2; 2, 1). Суреттердің немесе таблицалардың көлемі мақаланың 1/3 мөлшерінен артпауы керек.
Керек емес: табуляция жасау; сөздерді бөлу (сөздердің арасында, белгілердің арасында тек бір бос орын болуы тиіс); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке түсіндірме, гиперсілтемелер мен ескертулерді қою, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); мәтінді үлгі түрінде сақтау және "тек оқу үшін" деп сақтау; мәтінді форматтау және мәжбүрлі тасымал жасау.  Көрсетілген өлшем бірліктері ӨҚ жүйесіне сәйкес болуы тиіс.
Мәтінде сілтеме қолмен қойылады және қызыл түспен беріледі. Мысалы: кентавр1 (1«Кентавр» сөзі көне грек аңыздарында «Κένταυρος», яғни адам мен жылқы бейнесі біріккен әпсана кейіпкер. Аталмыш термин Н.А. Боковенко және З. Самашев мақалалары бойынша [Боковенко 1993; Самашев и др. 2016].). Жәнеде мәтінде сурет номері бірінші рет кездескен жағдайда ғана қызыл түспен белгілеу қажет. Мысалы: (1-сур., 1).
Әдебиеттер тізімі әліпбилік тәртіппен (автордың аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде беріледі. Библиографиялық тізімді шұбыртпалы жасаудың (20-25-тен көп емес) қажеті жоқ, автордың (авторлардың) өз жұмыстарына сілтеме 25%-ды ғана құрауы керек. Мәтіннің соңында қысқартулар тізімі көрсетілуі керек.
Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі:
Акишев К.А. Курган Иссык. М.: Искусство, 1978. 130 с.
Амиргалина Г.Т., Билалов С.У. Глазурованная керамика раннесредневекового городища Джанкент // Евразийская степная цивилизация: человек и историко-культурная среда. М-лы V междунар. конгресса археологии евразийских степей (г. Туркестан, 11–14 октября 2022 г.). В 5-ти т. / Гл. ред. А. Онгар, отв. ред. Б.А. Байтанаев, А.Г. Ситдиков, Д.А. Воякин. Алматы; Туркестан: ИА КН МОН РК, 2022. Т. 3. С. 142-156.
Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж.К. Захоронения воинов савроматского времени на левобережье р. Илек // Прошлое Казахстана по археологическим источникам / Отв. ред. К.А. Акишев. Алма-Ата: Наука, 1976. С. 137–156.
Евдокимов В.В., Сеитов А.М. Савроматские погребения могильника Перелески II в Верхнем Притоболье // Археология Казахстана. 2021. № 3 (13). С. 49–65. DOI: 10.52967/akz2021.3.13.49.65
Самашев З. Берел. Алматы: изд. дом «Таймас», 2011. 236 с.

Редакциялық алқа материалдарды жариялауда іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Құрметпен, конференцияны ұйымдастыру комитеті 
 


Ақпараттық хат
Information letter
Информационное письмо