Жас ғалымдар кеңесі
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жас ғалымдар кеңесі – 39 жасқа дейінгі құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің өз мүдделерін қорғау, жас ғалымдардың шығармашылық ғылыми белсенділігіне жәрдемдесу және іске асыру үшін құрылған ерікті, өзін-өзі басқаратын бірлестігі.
Жас ғалымдар кеңесі мақсаты – жас ғалымдарды, институттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін археология ғылымының, институттың ғылыми әлеуетінің дамуы мәселелерін шешуге тарту, жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің мүдделерін білдіру, олардың ғылыми-зерттеу жұмысы мен әлеуметтік саладағы қызметтерін қолдау болып табылады.
Жас ғалымдар кеңесінің міндеттері:
1. Өзекті ғылыми мәселелер мен басымдықтағы ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру;
2. Арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар жүйесі (студенттік конференциялар, жазғы мектептер, тәжірибе алмасу бағдарламалары, ғылыми тағылымдамалар, жас ғалымдарға арналған мемлекеттік бағдарламалар және т. б.) арқылы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру;
3. Ғылыми ұйымның ғалым жастарының кәсіби өсуіне, жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге белсенді қатысуына жәрдемдесу;
4. Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шет елдердің басқа да ғылыми мекемелерінің, жоғары оқу орындарының жастар ұйымдарымен байланыс желісін қалыптастыру және кеңейту;
5. Қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүргізетін ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар туралы жас ғалымдарды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
6. Ғылыми кеңесте және ұйым басшылығында, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарда өкілді органның қызметін орындау және жас ғалымдардың құқықтарын қорғау, жастардың кәсіби қызметі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының әртүрлі аспектілері бойынша пікірлерін білдіруі;
7. Институттың жас ғалымдарының мерзімді ғылыми конференцияларын ұйымдастыру және өткізу (Ақынжанов оқулары);
8. Институттың ғылыми конференцияларын, ғылыми - практикалық семинарларын, дөңгелек үстелдерін ұйымдастыру және өткізуге жәрдемдесу.
Жас ғалымдар кеңесінің құрамы оған еріктілік қағидаты бойынша қатысатын институттың құрылымдық бөлімшелерінің 40 жасқа толмаған қызметкерлері, аспиранттары, магистранттары мен докторанттары қатарынан қалыптастырылады.
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы – Шағырбаев Мәмбет Сапарбекұлы.
Техникалық қамтамасыз ету: Ахияров Ислам Кизаметдинұлы, Жұманазаров Нұрлан Шоханұлы, Қуандық Самрат Русланұлы;
Ақпараттық қамтамасыз ету: Нұрғали Несіпбай, Жамбулатов Қайрат Абайұлы;
Редакциялық топ: Қалдыбаева Гаухар Асқарқызы, Сүйіндікова Мақпал Қожахметқызы, Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы, Шаяхметова Яна Сергеевна.
Жас ғалымдар кеңесінің құрамында барлығы 36 адам бар, оның ішінде 6 адам ғылым кандидаты немесе РhD дәрежесіне ие.
2022 жылғы жас ғалымдар кеңесінің қызметі:
2022 жылы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері Археология институтының имидждік іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты:
1. «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (12-13 сәуір 2022 ж.);
2. Студенттер мен жас ғалымдардың «Ақынжанов оқулары – 2022» халықаралық ғылыми конференциясы (20-21 сәуір 2022 ж.);
3. «Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде (Шығыс Еуропа, Қазақстан және Орталық Азия тас дәуірінің мәдениеттері)» Халықаралық конференция - Далалық семинары (26-29 қыркүйек 2022 ж.);
4. «Еуразиялық дала археологиясының V Халықаралық конгресі» (Түркістан қ., Қазақстан) (11-14 қазан 2022 ж.).
2022 жылы жас ғалымдар кеңесінің мүшелері ТМД және алыс шетелдердің жетекші ғылыми ұйымдарында ғылыми және білім беру тағылымдамаларынан өтті:
1. Шагирбаев М.С. – «Болашақ» бағдарламасы аясындағы ғылыми тағылымдама (РҒА ОБ Өсімдіктер, экология және жануарлар институты, Палеоэкология зертханасы, Екатеринбург қ., РФ);
2. Г.А. Қалдыбаева – «Ғылым мен білімнің интеграциясы» бағдарламасы бойынша Ғылыми-білім беру тағылымдамасы (РҒА ММТИ, Санкт-Петербург қ., РФ);
3. Г.А. Саргизова – «Ғылым мен білімнің интеграциясы» және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ғылыми-білім беру тағылымдамасы (University of Exeter, Эксетер, Ұлыбритания);
4. Жанұзақ Р Ж. – аспирантурада оқу шеңберінде Ғылыми-білім беру тағылымдамасы (Еділ-Орал палеоантропологиялық зерттеулер орталығы, СМӘПУ, Самара қ., РФ);
5. А.Ш. Аққалиева – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасында оқу шеңберінде Ғылыми-білім беру тағылымдамасы. (М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Мәскеу қ., РФ);
6. ТМД елдерінің Халықаралық қорымен ынтымақтастық шеңберінде, 2022 жылғы 20-27 тамызда жас ғалымдар кеңесінің мүшелері (Мусаева Р.С., Шагирбаев М.С., Сүйіндікова М. К., Қуандық С. Р.) Тәжікстан Республикасы Душанбе қаласындағы жазғы археологиялық мектептің жұмысына қатысты. Жазғы мектептің жұмысы ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген Пенджикент қаласында, ежелгі Саразм ауылшаруашылық қонысы мен ежелгі Пенджикент қалашығында өтті;
7. Т.Н. Лошакова, Ә.Д. Касенова және Р.С. Мұсаева «Мәдени мұра контекстіндегі археологиялық артефактілер» халықаралық жазғы археологиялық мектебінің жұмысына қатысты, 18-24 желтоқсан, 2022 жыл (Қырғыз Республикасы, Бішкек қ., Шолпан-Ата қ.).
2022 жылы жас ғалымдар кеңесінің мүшелері Археология институтының жас қызметкерлеріне арналған тренингтер мен семинарлар өткізді:
1. Тахеометрді қолдана отырып, археологиялық қазба процесін бекіту әдістемесі бойынша тренинг өткізу (Е.С. Қазизов, А. Қазизова);
2. «Археологияда археозоологиялық әдістерді қолдану» тақырыбында тренинг өткізу (Шагирбаев М.).