1. Басты бет
  2. Құтқару қазба жұмыстары

Құтқару қазба жұмыстары

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми-зерттеу қызметіндегі басым бағыттардың бірі – тарихи-мәдени мұраны сақтау. Осы бағытта Институт ұжымы үнемі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінде құтқару зерттеулерін жүргізіп келеді.

Құтқару қазба жұмыстары археологиялық объектілерде түрлі жағдайларға байланысты және ескерткіштерді жойылудан дереу сақтауды талап ететін түрлі жағдайларды жүргізіледі. Ескерткіштердің жойылуы антропогендік сипатта болуы мүмкін (қасақана бұзу немесе әртүрлі магистральдарды салу кезінде, құрылыс жұмыстары уақытында және т.б. жағдайларда кездейсоқ бұзылуы мүмкін), сондай-ақ табиғи себептерге байланысты болуы мүмкін.

Отандық археология тарихында Археология институты бірнеше жаңа құрылыс экспедицияларын ұйымдастырды. Мысалға, Шүлбі су қоймасын салу кезінде көптеген ескерткіштер зерттелді, Бейнеу–Шымкент мұнай құбырының құрылысы кезінде анықталған ескерткіштерді сақтау бойынша жұмыстар жүргізілді, «Батыс–Шығыс» бағдарламасы аясында салынған автожолдың құрылысы кезінде және т.б. көптеген басқа да құтқару жұмыстарын атқарды.