1. Басты бет
  2. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архивы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архивы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архиві 1946 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында археология бөлімі құрылған кезден бері жұмыс істеп келеді. Алғашында бұл Қазақ КСР аумағында жұмыс істеген археологиялық экспедициялардың ғылыми есептері болды. Бастапқыда материалдар археология бөлімінің далалық комитетінде жиналып, археологиялық жұмыстар жүргізуге Ашық парақ беру құқығына ие болды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, зерттеулер туралы ғылыми есептер далалық комитетке келіп түскен, онда рецензияланып, содан кейін бөлімнің архивіне берілген.

1991 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылуына байланысты ғылыми архив дербес құрылым болып бөлінді. Құжаттардың көп көлемде жиналуына байланысты сол кездегі директор К.М. Байпақов архив ісінің талаптарына сәйкес түгендеу және жүйелеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.

Ғылыми-архив өз жұмысында ҚР Ұлттық архивінің нұсқаулық құжаттарын, ҚР Архив қоры туралы Ережені, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми-салалық архиві туралы Ережені басшылыққа алады.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми-салалық архиві тұрақты құжаттар құрамына ие архив болып табылады.
Қазіргі уақытта архивте келесі ерекше ғылыми құжаттар кешені қалыптасты: институт қызметкерлері мен еліміздің түрлі мекемелерінің археологтарының ғылыми есептері; археология, тарих және өнертану мәселелері бойынша жарияланбаған қолжазбалар; институт қызметкерлері - ғалымдардың жеке қорлары; институттың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін көрсететін құжаттар.

Ғылыми архивтің оқырмандармен жұмыс кестесі:

Дүйсенбі 14.00 – 17.00
Сейсенбі 10.00 – 17.00
Сәрсенбі техникалық күн
Бейсенбі 10.00 – 17.00
Жұма 10.00 – 17.00

Айдың соңғы дүйсенбісі – санитарлық күн.
Жаз айларында (шілде-тамыз) ғылыми архив оқырмандармен жұмыс істемейді.

Архив меңгерушісі: Зәрима Хамитқызы Қарагенеева.