Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми кітапханасы
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми кітапханасы археология және осы ғылыми салаға жақын ғылым салаларының басылымдары жиналған бөлім. Кітапхана қорында Қазақстан археология, КСРО археологиясы және ХІХ-ХХІ ғғ. аралығында жарыққа шыққан ғылыми еңбектер жинақталған. Кітапханада сондай-ақ, шетелдік археология, ежелгі өнер, этнографияға қатысты әдебиеттермен толықтырылып отырады. Бүгінде кітапханада екі кітапханашы жұмыс жасайды.
Ғылыми кітапхана Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты құрылған 1991 жылы құрылды. Кітапхана қоры ғылыми қызметкерлердің жеке кітапханаларын сыйға беру, ғылыми әріптестік арасында кітап алмасу арқылы қалыптасты. Бүгінгі таңда кітапхана қорында 5479 кітап және 5369 дана электронды кітаптар бар. Шетелдік ғалымдардың 526 кітабы бар.
Кітапхана қоры үнемі ұлғаю үстінде. Кітапхана қорында сирек кездесетін кітаптарда бар. Мысыла «Мәскеу археологиялық ұйымының еңбектерінің» 1895-1935 жылдар аралығын қамтитын 279 саны бар.
Сондай-ақ, кітапхана қорында Ә.Х. Марғұланның, А.Г. Максимованың, К.А. Ақышевтың, К.М. Байпақовтың және т.б. ғалымдардың қолдары қойылған кітаптар бар.
Кітапханада алфавиттік және жүйелік библиографиялық картотекалар бар. Негізгі библиографиялық картотекалар археология, тарих және басқа ғылым салалары бойынша қазақ, орыс, еуропа және бірқатар азия тілдерінде жарық көрген мақалаларды қамтиды.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының кітаптары, журналдарының электронды нұсқалары Институттың электронды кітапханасына жүктеледі. Кітапхана үнемі библиографиялық сирек кітаптарға айналған ғылыми еңбектерді, Ә.Х. Марғұлан атындағы
Археология институты шығарған басылымдардың сандық көшірмелері жасалып, Институттың электронды кітапханасына жүктелуде.
Кітапхана меңгерушісі - Мерекеева Эльмира Жакановна
Байланыс телефоны:
E-mail:
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма – сағат 9.00 дан 18.00 дейін.