1. Басты бет
  2. Институт тарихы

Институт тарихы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Қазақ КСР Министрлер Кабинеті 1991 жылғы 28 тамыздағы № 496 және ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 06 қыркүйектегі № 73 қаулыларымен құрылып, көрнекті ғалым археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Ә.Х. Марғұланның есімі берілді. 

Археология Қазақстан қоғамтану ғылымының дербес ғылыми бағыты ретінде 1946 жылы құрылған Қазақ КСР Ғылым Академиясында қалыптасты. Археология бөлімінің бірінші басшысы Ә.Х. Марғұлан болса, 1953 жылдан бастап бөлімді К.А. Ақышев басқарды.
1991 жылы дербес институттың құрылуы халықтың даму көздерін, оның алыс өткенін, әлемдік өркениеттің бір бөлігі ретінде мәдени мұрасын зерттеумен байланысты Қазақстандағы археология және тарих ғылымдарының бүкіл даму барысымен дайындалды. Институт елдегі археологиялық зерттеулердің үйлестіруші орталығы болып табылады.

Қазақстан Археология ғылымы дамуының бастауында В.В. Бартольд, В.В. Радлов, П.И. Лерх және зиялы қауымның басқа да өкілдері секілді көрнекті шығыстанушылар мен тарихшылар тұрды. Республиканың археологиялық ғылымының қалыптасуында кеңестік археологтар М.Е. Массон, С.П. Толстов, А.Н. Бернштам, М.П. Грязнов, С.С. Черников, П.И. Борисковский, А.П. Окладников, Л.Р. Қызласов, В.М. Массонның рөлі зор.

Соғысқа дейінгі кезеңді қамтитын және 60-жылдардың аяғымен аяқталатын кезең ірі экспедициялар ұйымдастырылуымен, тың және тыңайған жерлер аумағын, Орталық Қазақстандағы қола дәуіріндегі қорымдары, Жетісудағы Бесшатыр сақ қорымының зерттелуімен сипатталды. Осы уақытта Ә.Х. Марғұлан, А.Г. Максимова, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, Т.Н. Сенигова, К.А. Ақышев, М.К. Қадырбаев, Х.А. Алпысбаев, Г.А. Кушаев, Ф.Х. Арсланов, В.И. Садомсков, А.М. Оразбаев зерттеулер жүргізді.

60-шы жылдардың екінші жартысы, 70-ші–80-ші жылдары Б.Н. Нұрмұханбетов, Л.Б. Ерзакович, К.М. Байпақов, С.М. Ахинжанов, М.С. Мерщиев, С.Ж. Жолдасбаев, В.А. Грошев, Ж.К. Таймағамбетов, Ж.К. Құрманқұлов, А.К. Ақышев, З.С. Самашев, Е.А. Смағұлов, Т.В. Савельева, А.С. Ермолаева, Ю.А. Мотов, А.А. Макарова, Т.Н. Нурумов; нумизматтар: Р.З. Бурнашева, В.Н. Настич сынды археологтардың жаңа буыны қалыптасты.

Ғылыми зерттеулердің ұйымдастырушылық қызметінің қамтамасыз етілуін Ғылыми кеңес реттейді. Жас ғалымдар кеңесі жұмыс істейді.
Археология институты халықаралық байланыстарды белсенді қолдайды және дамытады, бұл бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларда, халықаралық экспедициялар, көрмелерді ұйымдастыруда, ғылыми еңбектердің бірлескен жарияланымдарында, халықаралық симпозиумдар мен конференциялардың жұмысына қатысуда көрініс табады.

Жыл сайын әртүрлі ескерткіштерді археологиялық зерттеу барысында отан тарихы туралы қосымша ақпарат беретін жаңа материалдар пайда болады. Қорларды толықтыру және ақпараттық өрісті кеңейту археологиялық ізденістер процесінде қажетті және міндетті шарт болып табылады. Қазақстанның археология ескерткіштерінің типологиясы мен жіктелуін әзірлеуге және жетілдіруге, жаңа археологиялық мәдениеттерді, шаруашылық-мәдени типтерді, тарихи-мәдени қауымдастықтарды бөліп көрсетуге, мерзімдеу мен кезеңдеу мәселелерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін елеулі дереккөз дерекқорын жинақтады. Археологиялық дереккөздер палеолиттен кейінгі ортағасырларға дейінгі кең хронологиялық шеңберде Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының тарихи бейнесін қалпына келтіру үшін аса маңызды болып табылады.

1991-2011 жылдар аралығында Институт Қазақстанның қазіргі заманғы археологиялық ғылымын дамытудың басым бағыттарын айқындаған іргелі зерттеулер бағдарламаларын әзірлеуге қатысты. Әртүрлі ескерткіштердің материалдарын талдаумен байланысты кешенді зерттеулерді жүзеге асыру нәтижесінде белгілі бір уақыт аралығында әлеуметтік-экономикалық, саяси, этномәдени аспектілерде нақты тарихи шындықты қалпына келтіруге ықпал ететін көптеген мәселелер жасалды.

Институттың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі «Мәдени мұра» (2004-2013 жылдар) Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысу болып табылады. Мәдени мұраны сақтау мәселесі қазіргі қоғам үшін ерекше маңызға ие. Мәдени мұраның материалдық қоры - бұл халықтың материалдық жады. Осыған байланысты «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау маңызды болып табылады, өйткені ТМД елдері арасында тек Қазақстанда ғана мәдени мұраны сақтау проблемасына мемлекеттік мәртебе берілді. Өз кезегінде, бұл факт өткенге өркениетті көзқарастың көрсеткіші болып табылады.

Бұл бағдарламаның маңызды шарттарының бірі, археологиялық зерттеу объектілері олардың маңыздылығы мен белгілі бір кірістің болуын ескере отырып таңдалды. Осылайша, маңызды тарихи-мәдени жүктемесі бар, халықтың генетикалық жадын тасымалдаушылардың өзіндік рөлін бейнелейтін, сондай-ақ Дүниежүзілік мәдени мұраның болашақ номинанттарының тізіміне енген эталондық ескерткіштер ерекшеленді.
Бағдарлама бойынша зерттеулер кешенді түрде жүргізілді, қазба жұмыстарынан кейін жобаны дайындауға байланысты, содан кейін зерттелген нысандарды консервациялау, қалпына келтіру және оларды мұражайландыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Археологиялық ескерткіштерді сақтау және зерттеу мәселесі оларды қорғау мен пайдалану жөніндегі шаралардың тұтас жүйесін ұйымдастырмай мүмкін емес. Осыған байланысты Археология институты археологиялық ескерткіштерді анықтау және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жетілдіру бағдарламасын енгізуді ұсынды, оның мәні құрылыс пен шаруашылық қызметтердің алдын-ала процестеріне Археологиялық сараптама жүргізу болып табылады.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты қызмет еткен жылдары елеулі нәтижелерге қол жеткізді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа бағыттары әзірленді және табысты жүзеге асырылуда, Қазақстанда одан әрі археологиялық зерттеулер үшін тұжырымдамалық негіз қалыптастырылды.