1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2024 жылдың далалық зерттеулер маусымын ашты.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты 2024 жылдың далалық зерттеулер маусымын ашты.
09 Сәу 2024

2024 жылдың алғашқы археологиялық экспедициясы Маңғыстау облысы территориясында орналасқан Қарақабақ қонысын зерттеуден басталып отыр. Ескерткіш «Қазақстан тарихындағы ғұн-сармат кезеңі: пәнаралық зерттеу, талдау және қайта жаңғырту» ҚР ҒЖБМ ҒК бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында зерттелуде.

Қарақабақ қонысы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында орналасқан. Құрылыс аумағы 3 га. Асады. Ескерткіш б.д. ІІІ-V ғғ. аралығында Арал-Каспий аумағындағы  өмір сүрген қала типтес қоныс.  Сауда-қолөнер орталығы ретінде қызмет атқарған.

Биылғы далалық маусымда Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Қазақстан бойынша ірілі-ұсақты 50-ге жуық археологиялық экспедиция ұйымдастырады.