1. Главная
  2. ЮНЕСКО
  3. Тамғалы археологиялық ландшафтысының петроглифтері

Тамғалы археологиялық ландшафтысының петроглифтері
29 Жел 2022

Таңбалы петроглифтері тас немесе арнайы металл құралдармен пикетаж техникасымен қашап салынған. Құжаттау жұмыстары барысында олардың барлығы 48 жеке кешендерге бөлінген. Билеп және жалбарынып жатқан адамдар тізбегінің үстінен қашалып салынған «күн басты» алты құдайдың бейнесі өзінің өлшемі мен керемет композициясы жағынан жартасқа салынған сурет өнерінің жауһары болып есептеледі. Таңбалыдағы ерте дәуірге жататын петроглифтердің үлкен көлемі, бірегей бейнелену мазмұны мен иконографиясы жағынан Орталық Азияның аса құнды жартас суреттері қатарына қоюға болады.

Көпшілік петроглифтер басты шатқалдың орта және төменгі бөлігінде, Таңбалы тауына жалғасатын негізі шатқалдан солтүстік-батыстағы сайда орналасқан. Алты негізгі топқа кіретін суреттердің жалпы саны – 3200. Таңбалыдағы ЮНЕСКО-ға кіретін ескерткіштерден басқа қалған аумағынан тағы да 2000 петроглиф анықталды.

Олардың ішінде 30 «күн басты» құдайларнемесе абыздар, киініп жасанғандар, шоқпар ұстаған жауынгерлер, некелі жұбайлар және жас босанған әйелдердің бейнелері, сондай-ақ адамдар мен жануарлар бейнеленген көп мәнерлі композиялар, аң аулау сәті мен құрбан шалу көріністері, торланған бұқалардың, жылқылардың бейнелері бар. Арба бейнелері мен «құдай табанының» іздері сирек кездеседі, бірақ күнге байланысты белгілер өте көп. Петроглифтердің көпшілік бөлігі қола дәуіріне жатады. Сақ дәуіріндегі «аң стилінде» орындалған суреттер негізінен біршама ежелгі петроглифтерден бөлек орналасқан, бірақ кейбір жағдайларда олармен аралас немесе олардың үстіне салынған.

Орта ғасырға жататын жартас суреттері жақын маңдағы шатқалдарда, тұмсықтарда және іргелес жатқан сайлардағы тастарға қашалып салынған. Орталық кешен петроглифтердің өте тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Алтарьлар құрбан шалатын салтанатты шаралар өткізуге арналған орын болуы мүмкін деп жорамалданады. Жартастарға жазулар да қашалған, яғни орталық шатқалда көне түрік руналық және ойрат жазулары бар. Шошқалыға өтетін шатқалдан жақында екі тибет және бірнеше анықталмаған жазулар табылды.

Таңбалы жерінің киелілігін бірегей «аспан астындағы экспозиция» – петроглифтердің бір жерде және тығыз орналасуы, антропоморфты және зооморфты бейнелері айқын бейнеленген суреттерінің әр түрлі (әмбебап) репертуары, петроглиф зерттеушілері орта қола дәуірінің көркемдік «Таңбалы стилі» деп атайтын бірыңғай көркемдік үлгіде орындалып рәсімделген. Көптеген және қайталанбас бейнелерді тарихтың біршама кейінгі кезеңдері: беғазылықтар, сақтар, үйсіндер, сянбилер, ғұндар, ирандықтар, көне түріктер, жоңғарлар мен қазақтар растайды. Әрбір келесі «ұрпақ»жерінің киелі болуына өз ізін қалдыруға тырысып, қасиетті орынға барын берді.
Таңбалының киелілігінің нағыз дәлелі әр түрлі тарихи кезеңдерде жергілікті тұрғындардың көптеген петроглифтерді жаңартып отыруы болып табылады. Мысалы, қола ғасырының құрбандыққа шалынған бұқа көрінісінде жануар көне түрік уақытында жылқыға, яғни салт аттыға айналдырылған. Өз кезегінде көріністің астына екі «архаизмдік» жауынгердің бейнеленуі «таңбалылыққа» қарағанда біршама ерте «сауысқандық» стильде орындалған. Мұндай хронологиялық қабат Таңбалының орталық шатқалындағы әрбір үлкен тас беттерінде кездесе бермеуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге жекелеген келіп кетушілер бейнесі, мысалы «от алтары» осы киелі орынға антикалық уақытта ирандық абыз иерархиясы өкілінің келуімен қатысы бар. Көне түріктер мен жоңғарлардың қасиетті жазуы мен бейнелері Таңбалының төрт мыңжылдық шегіндегі киелілігін ардақтағандығын дәлелдейді. Бұл петроглифтер көркемдік құндылығы мен бейнелердің бірегейлігі бойынша өзінің хронологиялық кезеңдеріндегі жартас өнерінің көбінде ең көрнекті үлгіге жатады. Мысалы: «тұмсық тәрізді» бұғы, «текірек ұшқан» бұғы, бірқатар бейнелердің қатыстылығы, бұрынғысынша пікірталас күйінде қалып отыр, мысалы отырған ер кісі құдайының көне түрік немесе жоңғарларға жатуы – Таңбалының киелілік толқыны. Таңбалы петроглифтерінің көбісі жартас сурет өнерінде тікелей ұқсастықтар тауып, басқа да заттар мен өнер нысандары арқылы Байкал көлі мен Моңғолиядан Солтүстік-шығыс Иран мен Скандинавияға дейінгі кең кеңістікті қамтыған. Бұл қасиетті белгілер, суреттер, сюжеттер – адам дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі әлем суреттерінің толық мағынадағы энциклопедиясы.

2004 ж. Таңбалы археологиялық ладшафты петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіл Әлемдік мұралар тізіміне енгізіледі. Таңбалы төмендегі өлшемдер бойынша аталды: «Қасиетті бейнелері, алтарьлар мен құрбандық орындары бар петроглифтер тобының көптігі және
өзара үйлесімділігі, олармен бірге қоныстар мен жерлеу орындарының байланысы Орта Азия даласындағы көшпелілерінің қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі материалдық өмірі мен наным-сенімдерін куәландыруды қамтамасыз етеді.
Таңбалының табиғи ландшафты өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жергілікті түрі бойынша да бірегей болып табылады.
 


Файл номинации Петроглифов археологического ландшафта Тамгалы в Всемирное наследие ЮНЕСКО