Мониторинг және қорғау археологиясы тобы
24 Мам 2022
Мониторинг және қорғау археологиясы бөлімі Институттың ғылыми кеңесінің 23.12.2021 ж. (№ 9 хаттама) шешімімен құрылды, жұмысын 2022 жылдан бастады.
Алғашқы жаңа құрылыс археологиялық экспедициясы 1929 жылы КСРО –да құрылды. Қазақстанда олар 1930 жылы жұмыс істей бастады (Қарағанды облсындағы Гигант колхозында,ы жұмыстар), Ұлы Отан соғысы жылдарында үзіліп қалған жұмыстар 50-60 жылдары қайта (Бұхтыма, Ертістегі Шүлбі ЖЭС, Әле және т.б.) жандана бастады . Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жеке бөлім ретінде жаңа құрылыс экспедициясы 1980 жылдың аяғында құрылды. Алғашында жетекшісі Б.Н. Нұрмұханбетов, одан кейін т.ғ.к. Л.Б. Ерзакович болды. 1991 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты болып құрылғаннан соң бөлім 1994 жылға дейін жұмыс жасады. Әр түрлі себептерге байланысты 1994 жылы бөлім таратылып, 2022 жылы жаңа негізде қайта құрылды.
Қызметкерлер өздерінің ғылыми жұмыстарында материалдарды өңдеу мен есепке алуда компьютерлік әдістерді қолданады, мәліметтер қорын құрады. Бөлім өзінің іс әрекетінде 2011 ж. 18 ақпандағы № 407-IV «Ғылым туралы», 2019 ж. 26 желтоқсандағы № 288-VІ ЗРК «Тарихи-мәдени мұра нысандарын ды сақтау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын, ғылым, білім және мәдениет салаларының нормативті-құқықтық құжаттарды, Институттың Жарғысын, Ғылыми кеңес шешімін, Бас директордың бұйрықтарын және мониторинг және қорғау археологиясы бөлімінің ережесін басшылыққа алады.
Бөлім қызметкерлері:
1. Мамедов Аслан Маликович – бөлім жетекшісі
2. Сундетов Калыбек Ерланулы
3. Амантаев Наурызбек Амантайулы
4. Мамиров Кайрат Базарбаевич
Бөлімнің мақсаты өз өкілеттілігі шеңберінде тарихи-мәдени мұра нысандарында және археологиялық ескерткіштерде ғылыми зерттеулер жүргізу, жерді игеру кезінде тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және археология ескерткіштерін сақтау-қорғау жұмыстары бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Бөлімнің міндеттері:
- мониторниг және археологияны қорғау саласындағы негізгі зерттеу бағыттарының жоспарын жасау және орындау;
- тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын анықтау, есепке алу, қорғау, зерттеу және мониторинг жүргізу саласында өкілеттіжәне жергілікті атқарушы органдардың бағдарламаларын жасауға қатысу;
- шаруашылық жүргізу мақсатында берілген жерлерді игеру кезінде тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау;
- тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптама жүргізу;
- археология ескерткіштерінде ғылыми-зерттеу, оның ішінде авариялық-құтқару қорғау жүмыстарын жүргізу;
- ескерыткіштердің мәліметтер қоын құру, археология ескерткіштерін талдау және картаға түсіру;
- ескерткіштерге зерттеулер жүргізу және тарих және мәдениет ескерткіштерінің есепке алу-қорғау құжаттамаларын, аудандық тізімдерді жасау;
- тарихи-мәдени мұра бойынша материалдарды, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері жинағын Қазақстан Республикасының аймақтары және республикалық маңызды қалалар бойынша дайындау.
Бөлім қызметкерлері соңғы бес жылда қатысқан бағдарламалық нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі жобалар:
БНҚ 2022-2023 "Қазақ даласындағы мәденигенезис: археологиялық деректер бойынша материалдық және рухани мұра сабақтастығын зерттеу мәселесінің жаңа парадигмалары", жетекшісі А. Оңғар.