Ғылыми архив
01 Қар 2022

Археология институтының ғылыми архиві 1946 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археология бөлімі құрылған сәттен бастап жұмыс істейді. Алғашқы кездері архив Қазақ КСР-ның бүкіл аумағында жұмыс істеген археологиялық экспедициялардың ғылыми есептерін жинады. Бастапқыда материал археологиялық жұмыстар жүргізуге рұқсат беретін Археология бөлімі жанындағы далалық комитетте жиналды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, зерттеулер туралы ғылыми есептер далалық комитетке түсіп, рецензиялаудан өтіп, содан кейін бөлім архивіне берілді. 1991 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылуына байланысты ол тәуелсіз құрылым ретінде бөлінді. Құжаттардың үлкен көлемінің жинақталуына байланысты директор К.М. Байпақов архив ісінің талаптарына сәйкес түгендеу және жүйелеу туралы шешім қабылдады.

Ғылыми архив өз жұмысында ҚР Ұлттық архивінің бұйрық құжаттарын, ҚР архив қоры туралы ережесін, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архиві туралы ережені басшылыққа алады.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми архиві тұрақты құжаттар құрамына ие архив болып табылады.

  • Қазіргі уақытта архивте түрлі ғылыми құжаттардың бірегей кешені қалыптасқан, оған төмендегідей құжаттар кіреді:
  • институт қызметкерлері мен еліміздің түрлі ғылыми мекеме археологтарының ғылыми есептері;
  • археология, тарих және өнертану мәселелері бойынша жарияланбаған қолжазбалар;
  • институт қызметкерлерінің жеке қорлары;
  • институттың ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін көрсететін құжаттар.

________________________________________

Ғылыми архивтің оқырмандармен жұмыс кестесі:

Дүйсенбі 14.00 – 17.00
Сейсенбі 10.00 – 17.00
Сәрсенбі Техникалық жұмыс күні
Бейсенбі 10.00 – 17.00
Жұма 10.00 – 17.00

Айдың соңғы дүйсенбісі – санитарлық күн

Жаз айларында (шілде-тамыз) Ғылыми архив оқырмандармен жұмыс істемейді.

Архивариус: Зәрима Хамитқызы Қарагенеева