1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. Жас ғалымдарға арналған далалық археологиялық мектеп

Жас ғалымдарға арналған далалық археологиялық мектеп
10 Мам 2023

ҚР ЖБҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп 2023 жылғы 5-15 шілде аралығында Ақбауыр археологиялық кешенінде (ШҚО, Ұлан ауданы, Бестерек ауылы) Жазғы далалық археологиялық мектебін өткізеді.
Мектепке қатысуға соңғы курс студенттері, сонымен қатар 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен мамандар шақырылады.
Мектеп аясында ғалым-мамандар далалық жұмыстар саласындағы білімдерімен бөлісіп, саладағы археологиялық жұмыстардың негіздері мен әдістері белсенді оқытылмақ.
Жазғы дала мектебінің негізгі ғылыми бағыттары:
- фиксация және түсірілім әдістері;
- жаппай керамикалық материалды өңдеу және құжаттаманы дайындау;
- геоархеология;
- физикалық антропология;
- далалық жағдайда палеоантропологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: қаңқа қалдықтарын фиксациялау, тазарту, орау, шифрлеу, сипаттау және жынысы мен жасын анықтау;
- Археозоология;
- остеологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: фиксация, тазарту, түрлік құрамын, жануарлардың сойылу жасы мен маусымын анықтау, шифрлау.

Қатысу шарттары: мүдделі үміткерлер 2023 жылдың 31 мамырына дейін мотивациялық хатпен өтініш беруі керек. Мотивациялық хатта сіздің жазғы дала мектебіне қатысуға ниетіңіздің себептері және біз сізді не үшін таңдауымыз керек, археологияның қай саласы сізді көбірек қызықтыратыны, қатысуыңыздан не күтетініңіз және осы тәжірибе барысында қандай пайда күтетініңіз көрсетілуі керек?

Үйлестіруші: Жүнісханов Айдын 
mail@archeo.kz,  
тел: + 77024124730
Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы өтіп форманы толтыру қажет  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc1SgI6NwjQGnhtkRItCqOD5akAwAPDdYP3BPRhh0_WlwPtJg/viewform
Қатысу талаптары:
Жазғы мектепке қатысу тегін және тегін тұру мен тамақтануды қамтиды. Қатысушы тек Өскеменге және кері қайтар жол ақысын төлейді.
Қосымша ақпаратты Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының  www.archeo.kz  ресми сайтына ала-аласыздар.