1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. РҒА СБ Археология және этнография институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

РҒА СБ Археология және этнография институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
16 Сәу 2023

Алматы қаласында халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Марғұлан оқулары – 2023» конференциясы аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтымен ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Тараптар меморандум аясында Еуразия археологиясының әрбір тарихи кезеңдерін қамтитын ортақ ғылыми жобалар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асыру және ғұн-сармат дәуіріндегі тарихи-мәдени процестерді бірлесе зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты. Сондай-ақ, ынтымақтастық меморандумында ескерткіштерді сақтау мен қорғау мәселесінде тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісу және т.б. көптеген бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері қамтылды.  

Қос мекеме ынтымақтастық меморандумы аясында «ҚР Маңғыстау облысы территориясындағы халықтардың қоныс аударуы кезеңіндегі археологиялық ескерткіштерді бірлесіп зерттеу» жобасы бойынша бірлескен зерттеу жүргізеді. Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институты тарапынан жауапты болып тарих ғылымдарының кандидаты, аталмыш Институттың аға ғылыми қызметкері Богданов Евгений Сергеевич бекітілді.