МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2024
31 Қан 2024
Сіздерді 2024 жылдың 23-25 мамыр аралығында Павлодар қаласында өткізілуі жоспарланып отырған академик Ә.Х. Марғұланның 120 жылдығына арналған «Марғұлан оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• Академик Ә.Х. Марғұлан және оның Қазақстандағы ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы үлесі;
• Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу: жаңа материалдар және оларды 2023 жылғы далалық ізденістер нәтижелері бойынша апробациялау;
• Тас дәуірі ескерткіштерін зерттеудегі келелі мәселелер және перспективалары;
• Ежелгі метал дәуірі: кешендерді мәдени сәйкестендіру және кезеңдеу мәселелері;
• Еуразия мәдени кеңістігіндегі ерте көшпенділер;
• Ортағасырлық археология: қала және дала өркениеті;
• Археологиялық зерттеулердегі пәнаралық тәсілдер: дәстүрлі әдістеме және заманауи технология;
• Ежелгі және дәстүрлі қоғамды этноархеологиялық зерттеу;
• Қазақстаннның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру және пайдалану мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция форматы 2023 жылы жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің қорытындысы және оған дейінгі ғылыми ортаға таныстыруға қажетті материалдар бойынша баяндаманы тыңдау және оны талқылауды қарастырады. Сонымен қатар жаңа зерттеу әдістерін қолдану, археология ескерткіштерін пәнаралық зерттеу, оларды қорғау, ғылыми және мәдени өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану мәселелерін қозғайтын баяндамалар қызығушылық тудырады.
Конференция аясында академик Ә.Х. Марғұланның туған жері Баянауылда көшпелі сессия өткізу және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы археологиялық ескерткіштерді тамашалау жоспарлануда.
БАҒДАРЛАМАНЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ:
Конференцияның бағдарламасын жасау үшін өтінім беру уақыты: 01.03.2024 ж. дейін
Конференцияға дейін ғылыми жинақты баспадан шығару үшін мақала беру уақыты: 01.04.2024 ж. дейін
Өтінімдер мен мақалалар margulan_conf@archeo.kz электронды адресінде қабылданады.
«Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар» бөлімінде көрсетілген талаптар бойынша мақала жіберулеріңізді сұраймыз.
Конференцияның ұйымдастыру комитетінің байланыс мекенжайы:
140000, Павлодар қ, Олжабай батыр көшесі, 60 құрылыс, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Археологиялық зерттеулер институты.
050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 44, Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты.
Ұйымдастыру мәселелері бойынша төмендегі қызметкерлермен байланыс орнатуға болады:
Смағұлов Тимур Нұрланұлы, +7 705 986 8116
Абеуова Еңлік Қабыкенқызы, +7 705 707 40 82
Тажекеев Әзілхан Әуезханұлы, +7 707 250 04 95
Лошакова Татьяна Николаевна, +7 777 564 63 24
«Марғұлан оқулары» жинағының барлық шығарылымдары Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының сайтында қол жетімді. URL: https://archeo.kz/ru/library/marlan-oulary/
«Марғұлан оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының
ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ
1. Автордың тегі, аты, әкесінің аты;
2. Ел, қала;
3. Жұмыс орны;
4. Қызметі;
5. Ғылыми дәрежесі, атағы;
6. Баяндама атауы;
7. е-mail, байланыс телефоны;
8. Баяндама формасы (ауызша немесе көрсетілімді);
9. Баяндама презентациясының формасы және қажет техникалық құрылғы.
Бірлескен авторлықтағы баяндамалар бір өтініммен беріледі және деректер нүктелі үтір арқылы рет-ретімен көрсетіледі; егер мәліметтер қайталанса (мысалы, ел және / немесе қала, жұмыс орны, пошталық мекенжайы және т. б.), онда оларды қайталаудың қажеті жоқ.
Редакциялық кеңес жариялау үшін материалдарды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
«Марғұлан оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфренциясына тыңдаушы ретінде қатысушының
ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ
1. Автордың тегі, аты, әкесінің аты;
2. Ел, қала;
3. Жұмыс орны;
4. Қызметі;
5. Ғылыми дәрежесі, атағы;
6. е-mail, байланыс телефоны;
7. Конференцияға қатысу формасы: тыңдаушы ретінде қатысу.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
INFORMATION LETTER