1. Главная
  2. Конференциялар
  3. «Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы» I Халықаралық археологиялық симпозиум

«Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы» I Халықаралық археологиялық симпозиум

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Ғылым комитеті
Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
К. А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты

№ 1 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптес!
Сізді 2024 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өткізілуі жоспарланған I халықаралық археологиялық симпозиумға қатысуға шақырамыз.

Симпозиумның басты мақсаты Еуразия археологиясының іргелі мәселелері мен өзекті тақырыптарды талқылау үшін әлемдік ғылыми қауымдастықты диалогқа шақыру және бір ортаға ұйыстыру болып табылады. 
Халықаралық археологиялық симпозиумды екі жылда бір рет өткізу жоспарлануда. Ғылыми форумның нақты шартты тақырыбы болмайды, әр симпозиумге жеке анықталады.

I Халықаралық археологиялық симпозиумның тақырыбы «Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы». Іс-шара танымал ғалым, археолог Кемел Ақышұлы Ақышевтың 100-жылдық мерейтойына орайластырылмақ.
К. А. Ақышев отандық гуманитарлық ғылымның дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстанның академиялық археология мектебін ұйымдастырушылардың белді өкілі. Кемел Ақышұлының ғылыми қызығушылық аясы Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихының әр тармағын қамтиды. Ғалымның еңбек жолы Қазақстан археологиясының жекелеген қолданбалы аспектілерін зерттеуге ғана емес, оған қоса ежелгі және ортағасырлық Еуразияның мәденигенез, әлеуметтік- және саясигенезімен байланысты теориялық мәселелерді де шешуге бағытталды. Археолог К. А. Ақышев маңызды іргелі бағыттардың негізін салды, ал ғалымның шығармашылық мұрасы бүгінде одан әрі дамытуды қажет етеді.
I Халықаралық археологиялық симпозиумда Еуразия археологиясының өзекті мәселелерін соны ашылымдар, жетістіктер және зерттеу әдістері арқылы талқылау жоспарлануда. 

Симпозиум жұмысының бағыттары:
• Археологиядағы тұлғалардың рөлі (ғылыми мектептер мен бағыттар, тұжырымдар мен көзқарастар);
• К.А. Ақышевтың Еуразия археологиясының дамуына қосқан үлесі;
• Палеометалл дәуіріндегі Еуразиядағы мәдени-тарихи үрдістер: олардың археологиялық деректерде көрініс табуы;
• Азиялық сақтар мен еуропалық скифтер: ортақтық пен ерекшелік;
• Ерте көшпелілер археологиясының әдісі мен әдістемесі: дәстүрлі бағыттар мен әдістемедегі жаңашылдықтар;
• Б.д. І мыңжылдығының басындағы мәдени трансформация (миграциялық үрдістер, олардың себептері, мәні мен салдары);
• Дала мен ежелгі өркениет орталықтары: уақыт пен кеңістіктегі өзара әрекеттестік және кроссмәдени байланыстар.

Симпозиумның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Симпозиумға қатысу үшін 2023 жылдың 01-желтоқсанына дейін Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ресми сайтында мына сілтемеде https://archeo.kz/ru/konferencii/i-mezhdunarodnyj-arheologicheskij-simpozium-arheol/ берілген үлгіні толтырып, тіркеуден өту қажет. 
Бірлескен авторлықтағы баяндамалар бір өтініммен беріледі және мәліметтер үтірлі нүкте арқылы ретімен көрсетіледі; егер мәліметтер қайталанса (мысалы, мемлекет және/немесе қала, жұмыс орны, пошталық мекенжай және т.б.) оларды қайталаудың қажеті жоқ. 
Екінші ақпараттық хатта және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының сайтында жарияланымды рәсімдеуге қойылатын талап пен материалды жариялауға ұсыну сілтемесі көрсетілетін болады. 
Мақалалар жинағын симпозиум жұмысы басталғанға дейін шығару жоспарлануда. 
Симпозиум бойынша сұрақтар symposium@archeo.kz электронды адресі бойынша қабылданады.

Құрметпен, 
I халықаралық археологиялық симпозиумның ұйымдастыру комитеті
 


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
INFORMATION LETTER