ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» қолданыстағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жиын өтті
18 Сәу 2024
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні қарсаңында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың төрағалығымен ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» қолданыстағы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жиын өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі, техн.ғ.д. Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Сейдалиева Жанат Сейдалықызы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры,т.ғ.д. Елеуов Мадияр Елеуұлы, Ә. Марғұлан ат. Археология институтының бас ғылыми қызметкерлері Самашев Зайнолла және Құрманқұлов Жолдасбек, Қожа Ахмет Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, т.ғ.д. Қожа Мұқтар Бақадырұлы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Байгунаков Досбол Сүлейменұлы және еліміздің археология саласында жүрген бірқатар белгілі ғалымдар қатысты.
Отырыста археология саласына қатысты заңдарды жетілдіру, лицензия беру ісін реттеу және археологиялық қазба жұмыстарын заңсыз жүргізгені үшін жазаны күшейту сияқты бірқатар мәселелер талқыланып, ұсыныстар тыңдалды.
Жиын аясында қонақтар Археология институтының материалдық-техникалық базасымен және Археологиялық технологиялар, зооархеология және физикалық антропологиялық зертханаларының жұмысымен танысты.