1. Главная
  2. Конференциялар
  3. Жаңа археологиялық және жазба деректер контексіндегі Еуразияның ежелгі және ортағасырлық мемлекеттері мен көшпелі одақтары

Жаңа археологиялық және жазба деректер контексіндегі Еуразияның ежелгі және ортағасырлық мемлекеттері мен көшпелі одақтары

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Ғылым комитеті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты Сіздерді 2023 жылдың 17–18 наурызы аралығында Шымкент қаласында археолог, т.ғ.д., профессор А.Н. Подушкиннің 70 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Жаңа археологиялық және жазба деректер контексіндегі Еуразияның ежелгі және ортағасырлық мемлекеттері мен көшпелі одақтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
•    Скиф-сақ тарихи-мәдени қауымдастығы
•    Еуропалық және азиялық сармат тайпалық одақтары
•    Сюнну (хунну) көшпенділер империясы 
•    Қаңлы мемлекеті
•    Ежелгі түркі империясы
•    Шыңғыс ханның моңғол империясы
•    Тимур империясы

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖАСАУ ЖӘНЕ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ:

Конференцияның бағдарламасын жасау үшін 2023 жылдың 10 наурызына дейін берілген үлгі бойынша өтінім-сауалнаманы жіберу қажет.
Бірлескен авторлықтағы баяндамалар бір өтініммен беріледі және деректер нүктелі үтір арқылы рет-ретімен көрсетіледі; егер мәліметтер қайталанса (мысалы, ел және / немесе қала, жұмыс орны, пошталық мекенжайы және т. б.), онда оларды қайталаудың қажеті жоқ.

«Жаңа археологиялық және жазба деректер контексіндегі Еуразияның ежелгі және ортағасырлық мемлекеттері мен көшпелі одақтары» 
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушының 

ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ

1.    Автордың аты-жөні 
2.    Ел, қала
3.    Жұмыс орны
4.    Қызметі
5.    Ғылыми дәрежесі, атағы
6.    Баяндаманың атауы
7.    Пошталық мекенжай (индекспен),  е-mail, байланыс телефоны
8.    Баяндама формасы (ауызша немесе көрсетілімді)
9.    Баяндама презентациясының формасы және қажет техникалық құрылғы

Мақалалар жинағын конференциядан кейін шығару жоспарлануда.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 
160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көш., 13-үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Ұйымдастыру мәселелері бойынша төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыздар:  
Тәжекова Ақмарал Жақсыбекқызы – ғылыми зерттеулер офисінің басшысы, тел.: +7 (701) 266 27 98.
Орынбасарова Гүлжан Жақсымбетқызы – «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының меңгерушісі, тел.:  +7 (778) 534 34 60.
Айтқали Азат Қалыұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, тел.: +7 (771) 165 66 50.

Өтінімдер habarshy@okmpu.kz электронды адресіне қабылданады.
 


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
INFORMATION LETTER