1. Главная
  2. Экспедициялар
  3. Талас өңірінің төрткүлдері зерттелді

Талас өңірінің төрткүлдері зерттелді

2022 жылы «Талас өңірінің ортағасырлық төрткүлдері және мәдени ландшафты» (Жетекші Ақымбек Е.Ш.) гранттық жобасы аясында 19 ескерткішке далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу бірнеше бағытта атқарылды: барлау-іздестіру, көлемді қазба, траншея, шурф жұмыстары. Алты төрткүлге барлау жұмыстары, алтауына шурф, төртеуіне траншея, үшеуіне қазба жұмыстары, алты төрткүлге барлау жүргізілді. Төрт ескерткіш биылғы жылдың барлау жұмыстары кезінде ашылды. 
Төрткүлтөбе, Кіші Аса-1, Өрнек төрткүлдеріне қазба жұмыстары, Құсақ, Ақарық, Қапал, Жұма төрткүлдерінің сыртқы (қорғаныс) қабырғаларына траншея жұмыстары, Наурызбас, Шайдана-2, Аса, Кіші Аса-2, Саза, Құмсуат төрткүлдеріне шурф жұмыстары, Алмалы, Қарасаз, Шайқорық, Шайдана-1, Шоқай, Тоғызтарау төрткүлдеріне барлау жұмыстары жүргізілді. 
Жүргізілген зерттеу жұмыстарында өңірдің ортағасырлық материалдық мәдениетін толықтыра түсетін жаңа материалдар алынды. Ескерткіштердің құрылыс материалдары мен құрылымы, материалдық мәдениетін көрсететін деректер қордаланды. Төрткүлдердің барлығының аэрофотосуреті дрон арқылы түсірілді. Маңызды төрткүлдердің лазерлі тахеометр арқылы топографиялары түсірілді.