Институт қызметкерлері Ұлытауда көне түркілердің ескерткіштерін зерттеді
06 Там 2024
Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының ғылым жөніндегі орынбасары, ерте темір дәуірінің археология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А. Касенованың жетекшілігімен 2024 жылдың далалық маусымында Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы Сегізбайкөл көлінің маңында Нөгербек кешенінде қазба жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу жұмыстары «Ұлытaу өңіріндeгі eжeлгі жәнe oртa ғaсырлaрмeн мeрзімдeлeтін тaс мүсіні бaр құрылыстaрдың сaлыну дәстүрі» (жетекші А. Касенова) атты ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық жобасы аясында жүргізілді.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде түркі кезеңімен мерзімделетін тас мүсіндері бар төрт қоршау және екі жерлеу ескерткішінде қазба жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, барлау жұмыстары барысында Нөгербек кешенінде бұрын-сонды зерттелмеген жерлеу ескерткіші мен түркі дәуірінің қоршаулары және қазақ қыстақтары табылды