1. Главная
  2. Экспедициялар
  3. Жетіасар мәдениетінің жаңа ескерткіштер кешені табылды

Жетіасар мәдениетінің жаңа ескерткіштер кешені табылды

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкерлері Тәжекеев А.А., Асылбеков К.М. және Қорқыт-ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Султанжанов Ж.К. «Қазақстан тарихындагы ғұн-сармат кезені: пәнаралық зерттеу, талдау және қайта жаңғырту» ғылыми жобасы аясында 16-30 сәуір аралығында Қызылорда облысы, Қармақшы, Жалағаш аудандары аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерді барлау жұмыстарын жүргізуде. 

Барлау жұмысының мақсаты – Жетіасар археологиялық мәдениеті ескерткіштерінің геоақпараттық картасын жасау, кеңістік атрибуттарын талдау және Жетіасар шатқалындағы ескерткіштерді кешенді есепке алу. 

Жетіасар оазисінде б.з.д. I мыңжылдықтың соңы мен б.з. VIII-IX ғғ. дейін тіршілік ошағы болған жалпы саны шамамен 50-ден аса қамал-қалалар бой көтерген. Оның 27-сі Жетіасар шатқалында 5-7-ден топ-топ болып, Сырдарияның көне салаларының бірі Қуаңдария мен Ескідариялықтың ондаған ұсақ тарамдары мен қолдан қазылған оман арықтарының бойына салынған. Олардың қазіргі үйіндісінің биіктігі 18-20 м-ге жетеді. Асарлардың барлығы әртүрлі деңгейде жасалынған қорғаныс жүйелерімен қоршалған. 

Зерттеу жұмыстары барысында бұрын белгісіз болып келген ірі 6 қоныстың орны анықталды.