Бесмойнақ археологиялық экспедициясы археологиялық зерттеулерді бастады
12 Мау 2025
Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институты, ерте темір дәуірі археологиясы бөлімнің жетекшісі т.ғ.к., Ж. Утубаевтың басшылығымен 2025 жылғы Бесмойнақ ескерткіштер кешеніндегі далалық жұмыстар басталды. Далалық археологиялық зерттеу жұмыстары «Ежелгі және ортағасырлардағы Алматы: археологиялық мұраны зерттеу және сақтау» (жоба жетекшісі – т.ғ.к. Мамиров Т.Б.) атты ҚР ҒЖБМ ҒК-нің ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Қазба жұмыстары сақ кезеңі, ортағасырмен мерзімделетін үш нысанда және этнографиялық кезеңнің қонысында жүргізілуде.
Зерттеу жұмыстарына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен жасалған ынтымақтастық меморандум негізінде тарих факультетінің студенттері ат салысып, археологиялық тәжірбиеден өтуде.