1. Main
  2. News
  3. The results of the International Scientific and Practical Conference "Margulan Readings - 2023" were summed up in Almaty

The results of the International Scientific and Practical Conference "Margulan Readings - 2023" were summed up in Almaty
31 Mar 2023

2023 жылдың 30-31 наурыз аралығында  Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе ұйымдастырған дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстанның ғылым, білім және мәдениет саласында қызмет жасайтын археолог-ғалымдар, сонымен қатар Австралия, Әзірбайжан, Армения, Бельгия, Германия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Францияның ғалымдары да қатысты. 

Конференция жұмысы аясында Қазақстан мен көршілес елдердің археология ғылымының өзекті мәселелері мен дамуына қатысты 105 ғылыми баяндамала тыңдалды. Пәнаралық зерттеулер бағытындағы баяндамалар ерекше қызығушылық тудыртты. 
Конференция барысында тыңдалған баяндамалар мен қысқа хабарламаларда айтылған ұсыныстар мен тілектер негізінде қарар қабылданды.

Қарарда екі жылда бір рет Халықаралық археологиялық симпозиумды өткізу бастамасы қолдау тапты. І-ші Халықаралық археологиялық симпозиум көрнекті археолог-ғалым К.А. Ақышевтің 100-жылдығына орай, 2024 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан археологиясы: тұжырымдар мен парадигмалар» тақырыбында өткізілетін болып шешілді. Сондай-ақ, Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120-жылдығына арналған мерейтойлы «Марғұлан оқулары – 2024» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2024 жылы Павлодар қаласында өтетін болады.