Археология институтының қызметкерлері ғылыми сапармен Баку қаласына барды
22 Dec 2025
ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің «Көкентау археологиялық кешені» гранттық жобасын жүзеге асыру аясында Институт қызметкерлері А. Айтқали, А. Қаражігітова және А. Құрманғалиев 2025 жылдың 13–22 желтоқсан аралығында Баку қаласына ғылыми сапар жасады.
Сапар аясында Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Археология және антропология институтына барды. Сол жерде көне және ортағасырлық тарих мәселелері бойынша мамандармен кездесулер мен кәсіби пікір алмасулар өтті.
Ғылыми алмасу шеңберінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері А. Айтқали Шығыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштеріне арналған баяндама жасады. Лекция барысында далалық және аналитикалық зерттеулердің негізгі нәтижелері ұсынылып, Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени үдерістерді салыстырмалы түрде зерттеудің болашағы көрсетілді.
Бұл сапар халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзектілігі мен маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеп, археологиялық зерттеулер мен ғылыми тәжірибе алмасу саласында одан әрі ынтымақтастықтың негізін қалады.




