"МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2026" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫ
16 Mar 2026
https://drive.google.com/file/d/1TfroFwAKWuVaC_GV_IY5zc8YMJoAXQ_0/view?usp=sharing2026 жылғы 18–19 наурыз аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Ұлттық орталық музейімен бірлесе отырып, дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2026» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
1989 жылдан бері дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Марғұлан оқулары» Қазақстан археологиясы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған, ең беделді ғылыми ой-талқы алаңның бірі.
Конференция аясында 2025 жылы Қазақстанда және көршілес елдерде жүргізілген далалық археологиялық зерттеулердің нәтижелері талқыланады. Сонымен қатар археологияға қатысты пәнаралық зерттеулердің, атап айтқанда палеоантропология, археометаллургия, археозоология, археоботаника, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және ЖИ, археологиялық жәдігерлер мен ескерткіштерді консервациялау, реставрациялау және реконструкциялау мәселелері қарастырылады.
Конференция археологиялық мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау бағытында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.
Биылғы конференция жұмысына ойлайн/онлайн форматта Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Беларусь, Әзірбайжан елдерінен келген 100-ден аса ғалым қатысады.
Онлайн қатысушылар үшін:
18 наурыз
10:00 – 13:00
Конференцияның ашылуы мен пленарлық баяндамалар
https://us06web.zoom.us/j/84094138717?pwd=wAJGTN3bDFObb6wnvvf7uS0PcPpytM. 1
Конференция идентификаторы: 840 9413 8717
Кіру коды: 168447
14:00 – 17:00
Секциялық отырыстар:
1-секция. «Тас және палеометал дәуірінің археологиясы»
https://us06web.zoom.us/j/89041279563?pwd=s8NW2M5xTlhGIvzwAat9bjQzvo0GpI. 1
Конференция идентификаторы: 890 4127 9563
Кіру коды: 311190
2-секция. «Ерте темір дәуірі археологиясы»
https://us06web.zoom.us/j/82675861127?pwd=jtzrxdZt5MtQoNjjoRnaBTTEVLfwmp. 1
Конференция идентификаторы: 826 7586 1127
Кіру коды: 530990
3-секция. «Орта ғасыр және этноархеология»
https://us06web.zoom.us/j/84111906665?pwd=caUMKddxqZE9qekrAAaPoabCIjHvx0. 1
Конференция идентификаторы: 841 1190 6665
Кіру коды: 460537
"МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2026" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫ
