1. Main
  2. News
  3. Қазақстан мен Жапония археология және мәдени мұраны сақтау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Жапония археология және мәдени мұраны сақтау саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
31 Jul 2025

2025 жылғы 30 шілдеде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Тейкио университетінің (Жапония) Мәдени құндылықтарды ғылыми-зерттеу институты археология және мәдени мұраны қорғау саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Келісім Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылыми өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Ол аясында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру, ортағасырлық ескерткіштерге далалық зерттеулер жүргізу, артефактілерді консервациялау мен реставрациялау, археоботаника және археозоология салаларында мамандар даярлау, сондай-ақ пәнаралық зерттеулер жүргізу қарастырылған.

Тараптар ғылыми іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға және зерттеу нәтижелерімен алмасуға да уағдаласты. 

Меморандумға қол қойылуы Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу мен сақтау ісінде ұзақ мерзімді әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болды.