1. Main
  2. News
  3. Workshop: Novel SEM Approaches for archeological artefact analysis (SEM-A3)

Workshop: Novel SEM Approaches for archeological artefact analysis (SEM-A3)
15 Feb 2023

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Назарбаев Университеті, Жапонияның Nabunken және JEOL ғылыми-зерттеу орталықтары арасындағы ғылыми әріптестік негізінде 2023 жылдың наурыз айының 16-17 күндері Назарбаев Университетінде «Археологиялық артефактілерді сараптау (SEM-A3) үшін SEM-мен жұмыс жасаудың жаңа әдістері» тақырыбында семинар өтеді. 


СЭМ (SEM) (сканерлеуші электронды микроскопия) археологиялық зерттеулерде айрықша маңызға ие. Семинар мақсаты: СЭМ-ді (сканерлеуші электронды микроскопия) арқылы қыш ыдыстардың қабырғаларында сақталып қалған дәндер мен кездеме іздерінің «дәлме-дәл» көшірмелерін жасауды үйрену және олардың түрін анықтап, зерттеуге бағытталған.

 

 
Семинар жұмысына қатысу үшін форманы толтыру қажет.