1. Main
  2. News
  3. Round table "Actual problems of studying and preserving the archaeological heritage of Kazakhstan"

Round table "Actual problems of studying and preserving the archaeological heritage of Kazakhstan"
02 Apr 2023

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік «Марғұлан оқулары – 2023» конференциясы аясында 31 наурыз күні «Қазақстанның археологиялық мұрасын зерттеу және сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Мәдениет комитеті мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілгі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бастамасын ұйымдастырылды. 

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Мәдениет комитетінің, археолог ғалымдар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Мәдениет комитетінің музей қорықтарының және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану саласында қызмет жасайтын жергілікті атқару органдарының және археология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізетін жеке фирмалардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін, соның ішінде археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және қорғау мәселелері қарастырылатын осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. 

Қазақстан Республикасының археологиялық мұраларын сақтау және зерттеудің өзекті мәселелеріне қатысты жоғарыда аталған мекемелердің өкілдері баяндамалар жасады. Жоғарғы үстелге қатысушылар археологиялық ескерткіштерге қатысты ҚР заңнамалық актілерді және зерттеу әдістемесін жетілдірудің қажеттілігін ерекше атап өтті.