1. Home
  2. News
  3. Ақ-Бешім қалашығы: Ұлы Жібек жолындағы археологиялық зерттеулер

Ақ-Бешім қалашығы: Ұлы Жібек жолындағы археологиялық зерттеулер
15 Mar 2026

2026 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-де Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Тэйкё университетінің (Teikyo University) Мәдени құндылықтарды ғылыми-зерттеу институтының профессоры, археология және зооархеология саласының жетекші маманы Манабу Уэцукидің «Ақ-Бешімдегі (Суяб) қазба жұмыстары: Шығыс пен Батыс тоғысқан қала» атты дәрісі өтеді.

АБСТРАКТ
Қырғыз Республикасының солтүстігінде орналасқан Ақ-Бешім (Суяб) қалашығы – Шығыс пен Батыс арасындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан, Ұлы Жібек жолы бойында гүлденген көне шаһарлардың бірі. 2014 жылы бұл нысан Қытай мен Қазақстандағы бірқатар ескерткіштермен бірге «Жібек жолы: Чанъань – Тянь-Шань дәлізінің бағыттар желісі» атты трансұлттық номинация құрамында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

2016 жылдан бастап Тэйкё университеті Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бірлесе отырып, Ақ-Бешім қалашығында жүйелі археологиялық зерттеулер жүргізіп, ауқымды қазба жұмыстарын атқарып келеді.

Конференцияға онлайн қатысу үшін
Zoom арқылы қосылу:
https://us06web.zoom.us/j/88267991053?pwd=O8ybpXtOFJ0BO9l40qPdcGUebIorls.1 
Конференция идентификаторы: 882 6799 1053
Код доступа: 707702
Дәріске студенттер, магистранттар, докторанттар, ғалымдар, сондай-ақ Еуразияның ортағасырлық тарихы мен археологиясына қызығушылық танытқан барлық жандар шақырылады.