1. Main
  2. News
  3. Қазақстан мен шектес аумақтар керамикасын зерттеудің өзекті мәселелері

Қазақстан мен шектес аумақтар керамикасын зерттеудің өзекті мәселелері
27 Sep 2025

ПРЕСС РЕЛИЗ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитеті, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі «Қазақстан мен шектес аумақтар керамикасын зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өткізеді.
Семинар 2025 жылғы 29–30 қыркүйекте Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласы филиалында өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы 22.
Бағдарламада – Қазақстан мен шетелдің жетекші археологтарының мамандары көне және ортағасырлық керамикаға арналған баяндамалары ұсынылады:

  • Ерте қола дәуірі қоныстарынан табылған керамика (Чемар 5, Чемар 7);
  • Жетісу қола дәуірінің мәдени динамикасындағы қышшылардың технологиялық таңдауы;
  • Шірікрабат мәдениетінің керамикасы: түрлері мен ерекшеліктері;
  • Қаңлы дәуіріндегі Талас өңірінің керамикалық материалдары (Ақтөбе қонысы);
  • Ерте ортағасырлық Жанкент қалашығының керамикасы;
  • Хорезм керамикасы: формасынан дәуіріне дейін;
  • Көне қыш өндірісі: техника мен технологияның пәнаралық зерттеулердегі ерекшеліктері;
  • Ортағасырлық қазан тұтқалары және олардың хронологиясы;
  • Оңтүстік Қазақстандағы тандыр өндірісі жөніндегі жаңа деректер;
  • Орталық Қазақстандағы көне қыш өндірісінің технологиясы;
  • Нұра мәдениетінің керамикасының өзгергіштігі (Талды I, Ебейті II);
  • Ордазы қалалар тобының керамикалық кешені;
  • Қазақстан мен әлемдегі қыш өндірісі және оның мәдениетте, өнерде, білім мен медицинада қолданылуы.

Семинар тек ғылыми мәселелерді талқылауды ғана емес, сонымен қатар кең аудиторияға археологиялық керамиканың Қазақстанның өткенін танудағы маңызды дереккөзі екенін көрсетуді мақсат етеді. Жаңа олжалар, заманауи талдау әдістері мен халықаралық ынтымақтастық керамиканы зерттеуді өзекті тақырыпқа айналдырып, мәдени мұраны тереңірек түсінуге және оның қазіргі дүниедегі маңызын айқындауға мүмкіндік береді.