1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Институт реставраторы жапонияда металды консервациялау бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті

Институт реставраторы жапонияда металды консервациялау бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті
02 Там 2026

2026 жылғы 7–20 шілде аралығында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының реставраторы Елизавета Вишнякова-Бизяева Жапонияның Яманаси префектурасы, Фуэфуки қаласындағы Тэйкё университеті базасында өткен металл бұйымдарын ғылыми консервациялау және реставрациялау бойынша біліктілікті арттыруға арналған халықаралық бағдарламаға қатысты.

Бағдарлама аясында металдарды өңдеудің заманауи әдістері, металдардың құрамын анықтау тәсілдері, сондай-ақ металл бұйымдарын дайындау технологияларын үйренді. Сондай ақ, археологиялық металды реставрациялау бойынша практикалық сабақтарға ерекше назар аударылып, оларды механикалық тазалау, консервациялау және қола мен темірден жасалған бұйымдарды нығайту әдістері меңгерілді.

Осындай халықаралық бағдарламаларға қатысу шетелдік озық тәжірибені игеру және кәсіби ынтымақтастықты дамыту Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Консервация және реставрация зертханасының қызметіне заманауи әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.