«Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы» I халықаралық археологиялық симпозиумының пресс-релизі
25 Қыр 2024
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым комитеті
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
К.А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі
ПРЕСС РЕЛИЗ
ҚР ЖБҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институты 2024 жылдың 25-27 қыркүйегінде «Қазіргі таңдағы Еуразия археологиясының көкжиегі және парадигмасы» I Халықаралық археологиялық симпозиумын өткізеді. Іс-шара танымал археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кемел Ақышұлы Ақышевтың 100-жылдық мерейтойына арналады. Симпозиум таяу және алыс шетелдің Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Украина, Армения, Молдова, Польша, АҚШ, Кипр, Англия, Германия, Үндістан, Қытай, Нидерланд, Монғолия сияқты 17 елінінен ғалымдарды Еуразия археологиясының өзекті сауалдары мен негізгі мәселелерін шешу әдістерін талқылау және дайындау үшін біріктіреді.
К.А. Ақышев – Қазақстанның академиялық археологиясының ұйымдастырушыларының бірі, тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Ғалымның ғылыми қызығушылықтары Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының негізгі аспектілерін қамтиды. К.А. Ақышевтің Бесшатыр және Есік сақ патшаларының қорымдарындағы зерттеу жұмыстары әлемдік маңызы бар жаңалық деңгейіне ие болды. Ежелгі Отырардың ауқымды қазбалары, Бозоқ қалашығының ашылуы Қазақстанның ортағасырлық тарихын тың ақпараттармен толықтырды. Ғалымның теориялық зерттеулерінің бір бөлігі ежелгі дала этностарының құрылуы мен генезисіне, номадизмның пайда болуы мен дамуына, далалық өркениеттің тұжырымдық негіздерін зерттеуге, сонымен қатар культурогенез мәселелеріне арналды. К.А. Ақышев тарихты одан әрі зерттеу үшін іргелі мәнділігі бар бірқатар маңызды ғылыми бағыттарды қалыптастырды. Кемел Ақышұлының шығармашылық мұрасы бүгінгі таңда қазіргі заманғы ғылыми пікірталастарда оның Қазақстанның археологиялық ғылымы мен мәдени мұрасына қосқан үлесін көрсете отырып өзектілендіруді талап етеді.
Симпозиумның негізгі ғылыми бағыттары:
• Қазақстанның тас дәуірі: палеолиттен ерте металлға дейін
• Ерте металл дәуірінде еуразия далаларындағы мәдени-тарихи үдерістері: дәстүр мен жаңартпалар
• Азиялық сақтар мен еуропалық скифтер: жалпы және дара
• Далалық Еуразияның орта ғасырларындағы көшпенділері мен қала құрылысы
• Археологиядағы пәнаралық зерттеулер: біріктіру жетістіктері мен перспективалары
Конференцияның негізгі іс-шаралары:
o Археология саласындағы жетекші әлемдік ғалымдардың пленарлық баяндамалары.
o Мамандандырылған тақырыптар бойынша секциялық отырыстар.
o К.А. Ақышевтың шығармашылық және ғылыми мұрасына арналған жаңа басылымдардың тұсаукесері:
1. Акишев К.А. Комплекс хунно-усуньских памятников в урочище Актас (р. Кеген) (по раскопкам Семиреченской АЭ 1962-1963 гг.). Материалы и исследования по археологии Казахстана. Том 21.
2. Ганиева А. Век археологии в научном наследии К. Акишева. Труды ИА им. А.Х. Маргулана. Том 7.
3. Топал Д.А. Кинжалы типа «Иссык» и их распространение в Евразии
4. Книга-альбом, посвященный 100-летию К.А. Акишева
o К.А. Ақышевтың еңбектері мен Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институтының соңғы бес жылда жарық көрген ғылыми басылымдарының көрмесі.
o «Кемел Ақышев – Қазақстан археологиясының темірқазығы» көрмесі
o Конференцияға қатысушылар мен қонақтар үшін қарастырылған:
- Ағылшын, орыс тілдеріне аудармашы қызметтері.
- Кәсіби байланыстарды орнату үшін нетворкинг алаңы.
- дәстүрлі қазақ тағамымен кофе-брейктер мен фуршеттер.
Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институты жайлы
Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институты – 1947 жылы негізі қаланған Қазақстан археологиясы саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Институт тарихи-мәдени мұра мен тарих ғылымының дамуына бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
Байланыс ақпараты:
Касенова Асем Дауреновна: + 7 707 518 1230 E-mail: asema_94@mail.ru
Айдын Жунисханов: + 7702 412 4730 E-mail: mail@archeo.kz
Симпозиумның өткізу орны:
Пленарлық секция: «Almaty Resort» (Алмерек к-сі 1/1, Қарғалы шағын ауданы, Бостандық ауданы, Алматы)
Секциялық отырыстар: «Almaty Resort» (Алмерек к-сі 1/1, Қарғалы шағын ауданы, Бостандық ауданы, Алматы)
Көрме: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі, «Қазақстан диаспораларының мәдениеті, ҰОС жылдарындағы Қазақстан» залы (Самал-1 шағын ауданы, 44 үй)
⏰ Пленарлық отырыстың басталуы: 26 қыркүйек, 10:00
⏰ Панельдік сессиялар мен секциялық отырыстардың басталуы: 26 қыркүйек, 14:00
⏰ Көрме ашылысы: 27 қыркүйек, 16.00
Қосымша ақпарат Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институты сайтында.
https://archeo.kz/ru/konferencii/i-mezhdunarodnyj-arheologicheskij-simpozium-arheol/
Онлайн қатысушылар үшін
Симпозиумның ашылуы мен пленарлық баяндамалар
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Конференция идентификаторы: 878 6783 5475
Кіру коды: 66978
Панель 1. «Қазақстанның тас дәуірі: палеолиттен ерте металлға дейін»
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Конференция идентификаторы: 878 6783 5475
Кіру коды: 66978
Секция 1. «Ерте металл дәуірінде еуразия далаларындағы мәдени-тарихи үдерістері: дәстүр мен жаңартпалар»
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Конференция идентификаторы: 878 6783 5475
Кіру коды: 66978
Секция 2. «Азиялық сақтар мен еуропалық скифтер: жалпы және дара»
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Конференция идентификаторы: 878 6783 5475
Кіру коды: 66978
Секция 3. «Далалық Еуразияның орта ғасырларындағы көшпенділері мен қала құрылысы»
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Конференция идентификаторы: 878 6783 5475
Кіру коды: 66978
Баяндамалар ҚР ЖБҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атынд. Археология институтының YouTube каналына салынатын болады.