1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Қазалы ауданындағы жаңа археологиялық ашылымдар

Қазалы ауданындағы жаңа археологиялық ашылымдар
09 Мау 2025

2025 жылдың мамыр айында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас дәуірін зерттейтін Арал маңы тобы (жетекшісі – С.Ж. Рахымжанова) ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің АР22788840 «Шығыс Арал маңының тас дәуірі» атты гранттық жобасы аясында Қазалы ауданында археологиялық барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу барысында палеолит, неолит, қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне жататын жаңа археологиялық ескерткіштер анықталып, бұрын белгілі болған неолит кезеңінің нысандарына мониторинг жүргізілді.

Жұмыс барысында нуклеустер, жебе ұштары, микролиттік ендірмелер, бифас түріндегі құралдар, пышақ тәрізді пластиналар, перфораторлар, ойықты-тісті құралдар мен қырғыштар сынды тас индустриясына тән артефактілер табылды.