«Зооархеология: теория және зертханалық тәжірибе» атты халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады
04 Там 2026
Бүгін, ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Жапонияның Тейкё университеті Мәдени құндылықтарды ғылыми-зерттеу институтының бірлесуімен ұйымдастырылған «Зооархеология: теория және зертханалық тәжірибе» атты халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
4–6 тамыз аралығында өтетін жазғы мектеп бағдарламасына зооархеология саласына арналған 7 дәріс пен 9 тәжірибелік сабақ енгізілген.
Жазғы мектеп бағдарламасы археозоологияның заманауи теориялық және практикалық бағыттарын қамтиды. Қатысушылар жетекші мамандардың дәрістерін тыңдап, зертханалық сабақтар барысында остеологиялық материалдарды сұрыптау, таксономиялық және анатомиялық анықтау, остеометрия, тафономия, цементохронология, изотоптық зерттеулер және басқа да өзекті әдістер бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
Сонымен қатар олар Қазақстан мен Жапония ғалымдарының ғылыми тәжірибесімен танысып, зооархеология саласындағы озық зерттеу әдістерін игеруге мүмкіндік алады.








