Ұлытаудағы жас археологтардың жазғы мектебі
09 Мау 2025
ҚР ЖБҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК, Ұлытау облыстының тарихи-археологиялық музейі 2 шілде мен 11 шілде аралығында Ұлытау лагерінде (Ұлытау ауданы, Ұлытау облысы) жас ғалымдарға арналған «Археологиядағы пәнаралық зерттеулер» тақырыбында жазғы далалық археологиялық мектебін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мектеп жұмысына қатысуға соңғы курс студенттері, сонымен қатар 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар және мамандар шақырылады.
Мектеп аясында ғалым-мамандар далалық жұмыстар саласындағы білімдерімен бөлісіп, археологиялық жұмыстардың негіздері мен әдістері оқытылмақ.
Жазғы дала мектебінің негізгі ғылыми бағыттары:
- археологиядағы тіркеу және түсірілім әдістері;
- тас мүсіндермен жартастағы суреттерді тіркеу және түсірілім әдістері;
- археологиядағы эксперимент: гипотезаны тексеру, ежелгі технологияларды модельдеу;трасологиялық сараптама: қазіргі мүмкіндіктер мен болашағы;
- ежелгі керамиканы зерттеудің теориясы мен практикасы: дәстүрлі және жаңа әдістер;
- далалық жағдайда палеоантропологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: қаңқа қалдықтарын тіркеу, тазарту, орау, шифрлеу, сипаттау және жынысы мен жасын анықтау;
- остеологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: фиксация, тазарту, түрлік құрамын, жануарлардың сойылу жасы мен маусымын анықтау, шифрлау.
Қатысу шарттары: мүдделі үміткерлер 2025 жылдың 20 маусымға дейін өтініш, мотивациялық хат және жетекшіден ұсыныс хат берілу керек. Мотивациялық хатта сіздің жазғы дала мектебіне қатысуға ниетіңіздің себептері және біз сізді не үшін таңдауымыз керек, археологияның қай саласы сізді көбірек қызықтыратыны, қатысуыңыздан не күтетініңіз және осы тәжірибе барысында қандай пайда күтетініңіз көрсетілуі керек?
Үйлестіруші: Утубаев Жанболат, Ержанова Альбина
Тел.: + 777 518 12 30; +7701 784 68 27
Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы өтіп форманы толтыру қажет https://forms.gle/pwcwi12oEQeXQ99B9
Мотивациялық хат пен ұсыным хатты mail@archeo.kz электронды поштасына жіберу керек.
Қатысу талаптары:
Жазғы мектепке қатысу тегін және тегін тұру мен тамақтануды қамтиды. Қатысушы тек Жезқазған қаласына дейінгі және кері қайтар жол ақысын төлейді.