1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты далалық зерттеулер маусымын ашты

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты далалық зерттеулер маусымын ашты
17 Сәу 2023

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты далалық зерттеулер маусымын ашты. 2023 жылдың алғашқы археологиялық экспедициясы Маңғыстау облысындағы Алтынқазған ескерткішін зерттеуден басталып отыр. Ескерткіш «ҚР Маңғыстау облысы территориясындағы халықтардың қоныс аударуы кезеңіндегі археологиялық ескерткіштерді бірлесіп зерттеу» жобасы бойынша Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтымен бірлесіп зерттелуде. 

Алтынқазған жерлеу-аза тұту кешені Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Маңғыстау түбегінде орналасқан. Кешен 2010 жылы ашылған. 2014 жылдан бастап ескерткіште кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштен ғұн дәуірімен мерзімделетін заттар табылуда. 

Биылғы далалық маусымда Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Қазақстан бойынша ірілі-ұсақты 50-ге жуық археологиялық экспедиция ұйымдастырады.