1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ақпараттық хат: Жас ғалымдарға арналған далалық археологиялық мектеп

Ақпараттық хат: Жас ғалымдарға арналған далалық археологиялық мектеп
22 Сәу 2025

ҚР ЖБҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Шәкәрім Университеті, Назарбаев Университетінің антропологиялық зертханасы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында  Көкентау археологиялық кешенінде (Жаңасемей ауданы, Абай облысы) жас ғалымдарға арналған «Археологиядағы пәнаралық зерттеулер» тақырыбында жазғы далалық археологиялық мектебін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жазғы мектеп ҚР ҒЖБМ ҒК BR24992916 «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Мектеп жұмысына қатысуға соңғы курс студенттері, сонымен қатар 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар және мамандар шақырылады.

Мектеп аясында ғалым-мамандар далалық жұмыстар саласындағы білімдерімен бөлісіп, археологиялық жұмыстардың негіздері мен әдістері оқытылмақ.
 

Жазғы дала мектебінің негізгі ғылыми бағыттары:
- археологиядағы тіркеу және түсірілім әдістері;
- геоархеология;
- Лидарлық түсірілім және оны археологиялық зерттеулерді пайдалану негіздері;
- физикалық антропология;
- далалық жағдайда палеоантропологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: қаңқа қалдықтарын тіркеу, тазарту, орау, шифрлеу, сипаттау және жынысы мен жасын анықтау;
- Археозоология;
- остеологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: фиксация, тазарту, түрлік құрамын, жануарлардың сойылу жасы мен маусымын анықтау, шифрлау.

Қатысу шарттары: мүдделі үміткерлер 2025 жылдың 31 мамырына дейін өтініш, мотивациялық хат және жетекшіден ұсыныс хат берілу керек. Мотивациялық хатта сіздің жазғы дала мектебіне қатысуға ниетіңіздің себептері және біз сізді не үшін таңдауымыз керек, археологияның қай саласы сізді көбірек қызықтыратыны, қатысуыңыздан не күтетініңіз және осы тәжірибе барысында қандай пайда күтетініңіз көрсетілуі керек?

Үйлестіруші: Жүнісханов Айдын 
mail@archeo.kz
тел: + 7702 412 4730
Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы өтіп форманы толтыру қажет  https://forms.gle/upnyhUfeSYoPfr9UA 

Мотивациялық хат пен ұсыным хатты mail@archeo.kz  электронды поштасына жіберу керек.


 


Ақпараттық хат
Информационное письмо