АҚПАРАТТЫҚ ХАТ «Археологиядағы пәнаралық әдістер» Халықаралық жазғы далалық археологиялық мектеп
15 Мам 2026
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
Шәкәрім университеті
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Археологиядағы пәнаралық әдістер»
Халықаралық жазғы далалық археологиялық мектеп
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Шәкәрім университеті және Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 2026 жылдың 17-26 шілдесі аралығында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы «Бестерек» музей кешенінің базасында өткізілетін жас зерттеушілердің «Археологиядағы пәнаралық әдістер» атты халықаралық жазғы далалық мектеп жұмысына қатысуға шақырады
Мектеп жұмысына қатысуға соңғы курс студенттері, сонымен қатар 40 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар және мамандар шақырылады.
Мектеп аясында ғалым-мамандар далалық жұмыстар саласындағы білімдерімен бөлісіп, археологиялық жұмыстардың негіздері мен әдістері оқытылмақ.
Жазғы дала мектебінің негізгі ғылыми бағыттары:
- археологиядағы тіркеу және түсірілім әдістері;
- геоархеология;
- Лидарлық түсірілім және оны археологиялық зерттеулерді пайдалану негіздері;
- физикалық антропология;
- далалық жағдайда палеоантропологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: қаңқа қалдықтарын тіркеу, тазарту, орау, шифрлеу, сипаттау және жынысы мен жасын анықтау;
- Археозоология;
- остеологиялық материалдармен жұмыс істеу негіздері: фиксация, тазарту, түрлік құрамын, жануарлардың сойылу жасы мен маусымын анықтау, шифрлау.
Мектеп бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстанның негізгі археологиялық ескерткіштеріне бару жоспарлануда:
– Ақбауыр археологиялық кешені – энеолит пен қола дәуірінің бірегей жартас суреттері бар үңгір және ерте темір дәуірінің өндіріс орталығы.
– Қалба жотасының ежелгі қалайы өндіру кеніштері – Еуразия аумағындағы қола дәуірінің ең ірі тау-металлургия орталықтарының бірі.
Қатысу шарттары және өтінім беру
Жазғы мектепке қатысу тегін: ұйымдастырушылар бүкіл кезең бойы тұру мен тамақтануды қамтамасыз етеді. Қатысушы тек Өскеменге келіп-кетер жол шығындарын төлейді.
Қатысу үшін 2026 жылдың 10 маусымына дейін ғылыми жетекшінің немесе оқытушының ұсынымхаты мен мотивациялық хатты қоса беріп өтінім тапсыру қажет. Мотивациялық хатта өзіңіздің зерттеушілік тәжірибеңіз, ғылыми қызығушылықтарыңыз және Мектепке қатысудан не үміт ететіңіз туралы айтып беруіңізді сұраймыз.
Іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Нәтижелер 2026 жылдың 20 маусымына дейін жарияланып, өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жеке хабарланады.
Мектептің жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері. Кейбір сабақтар ағылшын тілінде өткізіледі.
Байланыс ақпараты
Мектеп координаторы: Айдын Сенғалиұлы Жүнісханов
Электрондық пошта: mail@archeo.kz
Телефон / WhatsApp: +7 (702) 412-47-30
Тіркелу: https://forms.gle/oEHQYwruiZiVmRWx6
Ресми сайт: https://archeo.kz/
Ақпараттық хат
Information letter
Информационное письмо
