1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Ақышев Әлішер Кемелұлы
Ақышев Әлішер Кемелұлы

Ақышев Әлішер Кемелұлы

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Әлішер КемелұлыАқышев 1952 жылы 16 маусымда дүниеге келді. 1974 жылы ҚазГУ-дың тарих факультетін бітірді. Сол жылы ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-де лаборант ретінде еңбек жолын бастады. Ол негізінен Қазақстанның ерте көшпелілерінің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысты. 1980 жылы «Сақтардың өнері мен идеологиясы» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады.
Студенттік жылдарынан бастап А.К. Ақышев ОҚКАЭ-нің (Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы) далалық зерттеулеріне қатысып, Отырар қалашығында жұмыс істеді және ОҚКАЭ-нің бір бөлімін басқарды.

1995-1996 жылдары Әлішер Кемелұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне қарасты «Материалдық мәдениет ескерткіштері» институтының ғылым жөніндегі орынбасары, ал 1996-1997 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Шығыстану институтының тарих және діндер бөлімін басқарды, 1998 жылдан бастап аталмыш институттың жетекші ғылыми қызметкері болды.

2006 жылдан бері А.К. Ақышев Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде археологиялық орталықтың жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. Мұнда ол отандық тарих ескерткіштерін зерттеу, сақтау және танымал ету мәселелерімен айналысты, музей қорларында сақталған жәдігерлерді ғылыми айналымға енгізумен шұғылданады. Әлішер Кемелұлы музейде бірнеше ғылыми-қолданбалы жобалардың жүзеге асырып және Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда археологиялық экспедицияларды басқарады.

А.К. Ақышевтің негізгі зерттеу тақырыбы – Еуразияның ежелгі көшпелілерінің идеологиялық жүйелерін реконструкциялау мәселесімен байланысты. Есік обасынан табылған заттарды зерттеу қортындылары сақтардың Жетісудағы көсем культінің ерекшеліктерін реконструкциялауға мүмкіндік берді. «Алтын адам» регалияларын зерттеу сақтардың космогониясын алғаш рет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар Жетісу жеріндегі ежелгі тайпалардың дамыған идеологиялық эмблематикасы мен сақтардың патшалық жоғарғы билік концепциясын құруы туралы дәлелдеуге мүмкіндік берді.

А.К. Ақышев Шығыс тарихы мен мәдениетіне қатысты көптеген халықаралық конференцияларға және ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы - диалог жолы» халықаралық бағдарламасына қатысқан. А.К. Ақышев төрт монографияның және 200 мақаланың авторы. Қазақстанда және ТМД елдерінде басылған жұмыстардан басқа, оның бірқатар мақалалары Венгрия, АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Кореяда жарық көрді.
 

Акишев А.К. Поиски памятников в ущелье Каратау // АО 1975. - М., 1976. - С. 510-511.
Акишев А.К. Резной нефрит из Отрара // Археологические исследования в Отраре. - Алма-Ата, 1977. - С. 34-42.
Акишев А.К., Байпаков К.М. Медальон с изображением борьбы с драконом из Отрара // СА. - 1981. - № 4. - С. 229-237.
Акишев А.К. Работы в зоне затопления Ойыкского водохранилища // АО 1979. - М., 1980. - С. 427.
Акишев А.К. Искусство и мифология саков. - Алма-Ата, 1984.