1. Басты бет
  2. Бөлімдер
  3. Ерте темір дәуірінің археология бөлімі

Ерте темір дәуірінің археология бөлімі
24 Мам 2022

Ерте темір дәуірінің археология бөлімі жеке бөлімше ретінде Институттың Ғылыми кеңесінің 2021 жылдың 23 желтоқсанындағы шешімімен (№9 хаттама) құрылып, 2022 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Бұған дейін бөлімнің қызметкерлері «Тас дәуірі мен палеометалл археологиясы бөлімі» құрамында ерте темір дәуірі ескерткіштері мен ежелгі өнерді зерттеу тобының құрамында болған. Бөлім 1989 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылған «Алғашқы археология бөлімі» негізінде құрылған, оны т.ғ.к. З. Самашев басқарған.

1996 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы таратылып, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылымдық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру нәтижесінде (№ 7 бұйрық) келесі бөлімдер таратылды: 1. «Алғашқы археология»; 2. «Ортағасырлық археология»; 3. «Археологиялық технологиялар зертханасы». 1996 жылдың 17 сәуірінде құрылған «Ерте темір дәуірі археология бөлімі» т.ғ.д. К.А. Ақышевтің басшылығымен «Ерте көшпелілер ескерткіштерін зерттеу тобы» болып қайта ұйымдастырылды. 1998 жылы ол «Ежелгі көшпелілерді зерттеу тобы» болып қайта аталды. 2002 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми кеңесінің шешімімен әртүрлі зерттеу топтарынан «Алғашқы археология бөлімі» құрылып, оны т.ғ.к. Ж.К. Құрманқұлов басқарған. 2009 жылы бөлімді т.ғ.к. А.З. Бейсенов, 2017 жылы т.ғ.к. Г.С. Джумабекова, 2020 жылдан бастап т.ғ.к. Ж.Р. Утубаев басқарды.
Ерте темір дәуірі – скиф-сақ мәдениетінің қалыптасуы, көшпелі мал шаруашылығының түпкілікті орнығуы, ерте мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы, Қазақстан мен іргелес аумақтардағы дала және егіншілік қоғамдарының дамуының бағытын анықтаған маңызды тарихи кезең. Осы кезеңде темір металлургиясы пайда болып, кең тарала бастады.
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының құрылымында «Ерте темір дәуірі археология бөлімі» ретінде бөлінуі Қазақстан археологиясындағы осы кезеңнің зерттеулерін жандандыруға бағытталған, бұл саладағы ғылыми мәселелерді шешуге серпін береді.

Бөлім қызметкерлері:

1.   Утубаев Жанболат Раимқұлұлы - бөлім жетекшісі
2.   Айткали Азат Қалыұлы
3.   Аққалиева Айбөбек Шыныбекқызы
4.   Ахияров Ислам Кизамединович 
5.   Базарбаева Галия Аппазовна
6.   Ганиева Айнагуль Сабитовна
7.   Джумабекова Гульнара Саиновна 
8.   Жамбулатов Кайрат Абаевич 
9.   Касенова Асемгуль Дауреновна 
10.  Курманкулов Жолдасбек Курманкулович 
11.  Оңғар Ақан
12.  Сүйіндікова Мақпал Қожахметқызы
13.  Турмахан Нурдаулет Жаркынулы
14.  Чотбаев Айдос Ербулатович 
15.  Ярыгин Сергей Александрович 

Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру аясында соңғы 3 жылда бөлім қызметкерлері қатысқан жобалар:
БНҚ 2023-2024 «Солтүстік Қазақстан мәдени-тарихи үдерістер контекстінде: тас дәуірінен этнографиялық қазіргі заманға дейін», жетекшісі З. Самашев;
БНҚ Қ 2022-2023 жж. «Қазақ далаларындағы мәдени генезис: археологиялық деректер бойынша материалдық және рухани мұраның сабақтастығын зерттеу мәселелерінің жаңа парадигмалары», жетекшісі А. Оңғар;
БНҚ 2021-2022 жж. «Ұлы Дала этномәдени зерттеулер контекстінде», жетекшісі Б.А. Байтанев;
ҒҚ 2022-2024 жж. «Жайық сарматтары: археология, реставрация, реконструкция (Урысай-2 кешені материалдары бойынша)», жетекшісі Г.А. Базарбаева;
ҒҚ 2022-2024 жж. «Қазақ Притоболье оңтүстік бөлігінің мәдени-ландшафттық кеңістігі: дала өркениеті кезеңдері», жетекшісі Г.С. Джумабекова;
ҒҚ 2022-2024 жж. «Шығыс Жетісудағы Таусамалы ғұн-сармат дәуірінің археологиялық кешенін зерттеу», жетекшісі С.А. Ярыгин;
ҒҚ 2021-2023 жж. «Сырдарияның төменгі ағысындағы ерте темір дәуірінің ауылдық қоныстары: шаруашылық және тұрмыс», жетекшісі Ж.Р. Утубаев.